Шымкент Жаңа Президенттің ұсыныс-тапсырмасын бірінші болып орындады
Шымкент қаласындағы Астана көшесіне Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді.
Бүгін кезектен тыс 46 сессияда Шымкент қаласы мәслихат депутаттар бірауыздан қолдады. Еске сала кетейік, бүгін жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдау рәсімінен соң, тұңғыш Президент - Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін тарихта қалдыру үшін бірнеше ұсыныс айтты. Соның бірі - республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында Елбасының атында даңғыл болу. Міне, осы ұсыныс-тапсырманы бірінші болып Шымкент қаласы әкімідігі орындады.