Өмірзақ Шөкеев пен Ахметжан Есімов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Oinet.kz 17-10-2019 864

image.png

Түркістан облысын газдандыру, энергетика кешені мен электрондық сауда мен пошта желісін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, Smart City дамыту және облыста әлеуметтік нысандарды салу сияқты 9 бағыт бойынша "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Smart City Арыс және Түркістан қалаларын сервистік үлгі бойынша дамытуға арналған. Осы бағдарлама аясында Қор Түркістан облысындағы 97 мектеп пен ауруханаға дейін талшықты-оптиалық байланыс желісін және радиожелілерді салуды және Арыс қаласындағы 12 мектепте, 2 ауруханада, 2 балабақшада 400 бейнебақылау камераларын және 50 WiFi нүктесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді", - делінген "Самұрық Қазына" ҰӘҚ Қоғаммен байланыс департаментінің баспасөз хабарламасында. 

Мұнан өзге қуаты 220кВ жаңа қосалқы станцияның құрылысы күтіледі, оған кернеуі 110 кВ жергілікті тарату электр желісі қосылмақ. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы амфитеатр, оқушылар сарайы, 7000 орындық стадион, Қожа Ахмет Яссауи атындағы мұражай, конгресс холл, Smart City жобасы сияқты әлеуметтік нысандарды салуға және байланыс желілерін жүргізуге 33,6 млрд.теңге бөлінген.

Дариға Назарбаева Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоғанмен кездесті
Дана Нұржігіт қарапайым халықтың қаржылық сауатын көтеру керектігін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу