Түркістан облысының әкімі отставкаға өтініш берді
Түркістан облысының әкімі Шөкеев отставкаға өтініш берді. Ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Өмірзақ Шөкеев 2019 жылы ақпанда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.
Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964 жылы 12 наурызда Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылында дүниеге келген. Шөкеевтің арыз беруіне - Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажановтың парамен ұсталып, сотталып кетуі себеп болды.