Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Анамыз қайтыс болғаннан соң бір жылдан кейін 1974-ші жылы әкеміз үйленді. Өгей анамыз келе сала ынты-шынтысымен біздің тәрбиемізге кірісті.
Ең бірінші дүкеннен мата сатып әкеліп,ұйықтарда киетін көйлек,төсекке жайма тікті. Үйдің барлығын әктеп тазалады. Бізді ұрмақ түгілі қатты ұрысқан да емес. Бір жағы әкемізден де болған шығар,менің балаларым жастай аналарынан айырылып жылады,енді сен жылатушы болма, дұрыс тәрбиеле деді.
Өгей ана бізге 33 жыл керемет ана болды. Інім бес жаста болатын, оны туған баласындай көрді. Інім ер жетіп үйленер шақта үш әпке қатты уайымдадық, қандай келін келеді және өгей анамызбен қарым-қатынасы қалай болады деп. Бағымызға қарай ата мен ененің ойын тапқан келін келді. Ене келінді,келін енені жамандаған жоқ,бірі үшін бірі болысып,жақтасып жүрді. Өгей шешеміз өте тазалықты жақсы көретін кісі еді,келін сол талапқа сай болды. Інім бір түйір болған соң,келін жылда босанып алты ұл туса екен деп тіледім. Алла арманымды елу пайызға орындады,өмірге үш ұл келді. Екеуі үйленіп үйлі-жайлы,кішісі бойдақ. Әкем сексен беске келіп қайтыс болды,өгей шешеміз әкемген кейін үш жылдан соң өмірден озды. Екеуі де келінге өс,өн,жамандық көрме деп батасын беріп кетті.
Келін осы күндері айтады: мен келін болып түсе салысымен ініңіз әкесі мен шешесін көрсетіп,бұл кісілер біздің үйдің қонақтары,қашан қайтатыны белгісіз,ол кісілерге аузыңды ашпайсың, ал үш әпкем осы үйден жылап қайтпау керек депті. Бір жағы сол сөз де қамшы болған шығар және келіннің өзі де тәрбиелі отбасынан шыққанын дәлелдеді деп ойлаймын.
Інім мен келініме қосағымен қоса ағарсын деп біз де батамызды беріп отырмыз.
Гүлшарат Турашева