Головкиннің карьерасы қашан бітетіні белгілі болды

57122_resize(602-602-4).jpg

Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин DAZN USA-ге берген сұхбатында мансабын қашан аяқтайтыны туралы айтты дп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Жақында Головкин DAZN-мен алты айқасқа жоспарланған үш жылдық келісім жасады. Енді ол 2021 жылға дейін жалғасады.

"Мен 40 жасымда тоқтайтын шығармыН. Дегенмен, болашақты білу мүмкін емес..Маған қазір ол туралы айту қиын, бірақ 40 жасымда промоушеніммен мақсатты түрде айналысқым келеді", - деді Головкин.

Отандық боксшы әңгімелесу барысында DAZN-мен серіктестік туралы да айтты.

"Біздің дамығымыз келетін бағытымыз бір. Қазіргі уақытта серіктеспіз, менің болашағым және менің промоушенымның болашағы үшін DAZN-мен жұмыс істегенім жақсы болады", - деді Геннадий Головкин.

Сонымен қатар, GGG Канеломен үшінші айқастың мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

"Екеуміз үшін де, жанкүйерлер үшін де бұл өте маңызды. Егер олар осы жекпе-жекті көргілері келсе, егер шынымен қызығушылық туса, бұл айқас болады", - деді ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Головкин мен Роналду бірлесіп жаңа жоба дайындамақ
  • «Астана»-«Манчестер Юнайтед». Билет бағасы 55 мың теңге
  • Маңғыстауда сәбидің мұрны шіріп түсіп қалды
  • Нұр-Сұлтанның "Барысы" ҚХЛ-да тағы ұтылды
  • Әлемдік чемпионатта самбодан Қазақстан қоржынына қос күміс, екі қола медаль түсті
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика