Қазақ боксының ақыл-ойы

Oinet.kz 23-01-2024 284

ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін Европа чемпионы, төрт дүркін КСРО чемпионы, алты дүркін Қазақстан чемпионы, екі дүркін Азия және Азия ойындарының чемпионы, Атланта олимпиадасының қатысушысы, КСРО-ның  Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әйгілі боксшы Нұржан Дініқұлұлы Смановтың қатысуымен Шымкент қалалық Жасөспірімдер кітапханасында "Қазақ боксының ақыл-ойы" атты кездесу кеші өтті.  Іс-шараны ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сүндет Сейітов жүргізді.

IMG-20240123-WA0037.jpg

Әлемдік бокстың жұлдыздарын өз кезеңінде ойсырата жеңген Нұржан Сманов еңбек жолдары, жетістіктері, жеңістері мен спорттағы үзеңгілес достары, шәкірттері туралы әңгімеледі.

Кеш қонақтары «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Бақтияр Тайжан, ЖОО оқытушылары Н. Бекбаев, Қ. Алибаев, Д. Елтаев ыстық лебіздерін білдірді.  

Кеш қатысушылары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің  колледжі, Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық - экономикалық колледжі студенттері сұрақтар қойып, аты аңызға айналған боксшы қызықты да тағлымды ой өрбітті.

IMG-20240123-WA0061.jpg

Айталық, Нұржан Сманов - 1972 жылы туған. Небәрі 15 жасында бокстан КСРО және Европа чемпионы атанған. Осы жаста КСРО-ның Халықаралық дәрежедегі спорт шебері құрметті атағын алды. Азия және Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. Тоқсаныншы жылдары бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны болды. 1996 жылы Атланта олимпиадасына қатысып, үздік бестікке енген боксшы. Ол “Кубалық боксшылардың ажалы” болды. Әлемдік бокстың жұлдыздарын өз кезеңінде ойсырата жеңіп, есімін тарихқа алтын әріппен жаза алды. 

IMG-20240123-WA0038.jpg

Нұржан Дініқұлұлы екі дүркін Олимпиада және екі дүркін әлем чемпиондары Кубалық Эктор Винент пен Ариель Эрнандесті және олимпиада жүлдегері, әлемнің төрт дүркін чемпионы Хуан Эрнандес Сьерраны жеңген. Бұл тізімде кәсіпқой бокстың аңызына айналған, кәсіпқой бокстан әлемнің абсолют чемпионы Америкалық Джермин Тэйлор да бар.

Ресей және Беларусь спортшылары Бейжіңдегі паралимпиадаға қатыспайтын болды
Олимпиада жолдамасы үшін бақ сынайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу