Ресей және Беларусь спортшылары Бейжіңдегі паралимпиадаға қатыспайтын болды
Ресей және Беларусь спортшылары Бейжіңдегі паралимпиадаға қатысудан шеттетілді деп хабарлайды спорт ұйымының ресми сайты.
Беларусь спортшыларына да Паралимпиада ойындарына қатысуға тыйым салынған. Ресей паралимпиада комитеті мен Беларусь ұлттық паралимпиада комитеті спортшыларының қатысуға өтінімдерін қабылдамау туралы шешім қабылданған. Айта кетсек, бұған дейін аталған екі елдің паралимпиадашылары Бейжіңдегі ойындарға қатысатыны хабарланған еді. Алайда Халықаралық паралимпиада комитеті шешімін өзгерткен.