«Барлық титулды алмайынша, тоқтамаймын» - Жәнібек Әлімханұлы
Әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы салмақ санатының өзгеруі ықтималдығы туралы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
— Алғаш кәсіпқой боксқа бет бұрғанда командама кез келген салмақта жұдырықтаса алатынымды айтқан едім. Егер «Канеломен» суперорта салмақта немесе тіпті Дэвид Бенавидеспен жұдырықтасу мүмкіндігі туса, мейлі ол аралық немесе орташа ауыр салмақ болса да мен болашақта салмағымды соған ыңғайлауға дайынмын. Менің мақсатым — орта салмақтағы дивизионды толығымен біріктіру. Мен барлық титулды алмайынша, тоқтамаймын. Әрине, егер өзіме ыңғайлы ұсыныс түссе, алға ұмтыламын, алайда мен абсолютты чемпион болғым келеді әрі өзге боксшылар менімен жұдырықтасудан қашқақтауына жол бергім келмейді, - деді қазақстандық боксшы BoxingScene басылымына берген комментарийінде.
Естеріңізге сала кетейік, 5 сәуірде Астанада өткен бокс кешінде Әлімханұлы француз Анауэль Нгамиссенжді бесінші раундта нокаутқа түсіріп, екі титулын да сәтті қорғаған болатын.