Азияда-2025: Қазақстан қоржынына шаңғы жарысынан тағы бір медаль түсті
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин қола медаль иеленді., деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Шаңғы жарысынан 10 шақырымдық бағдарламада бәсекеге түскен отандасымыз мәреге үшінші болып келді. 21:20,3 уақытта келген Олжас қолаға қол жеткізді.
Бұл бәсекеде жапондық жігіттер жарады. Харуки Ямашита (21:06,5) алтын жүлдені ұтса, Күншығыс елінің тағы бір өкілі Такатсугу Уда (21:16,5) күміске қол созды.
Бұл бәсекеге Қазақстан құрамасынан тағы үш шаңғышы қатысты. Владислав Ковалев (21:52,6) жарысты алтыншы, Наиль Башмаков (22:12,8) оныншы, Ернар Нұрсбеков (23:10,8) он алтыншы орынмен аяқтады.