«Менің балаларым – ең үлкен мотивациям»: Қазақстандық спортшы екі рет Гиннес рекордын жаңартты
Ақтаулық атақты спортшы Ильдар Ягяев бұған дейін өзі орнатқан бес Гиннес рекордынан бөлек, тағы екі рекорд орнатты. Ол бұл жетістіктерін кімге арнағанын және өзін алға ұмтылуға кім ынталандыратынын айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Спортшы Ильдар Ягьяев алғашқы рекордын 15 қыркүйекте 9 келіден астам салмақты беліне байлап, 15 рет қос қолымен белтемірде тартылып орнатты.
“Дәл осы уақытта мен үшін ең қымбат адам, менің ханшайымым Амелия дүниеге келді", – дейді спортшы.
Кейін 25 қаңтарда бір минутта төрт саусақпен 25 рет тартылып, екінші рекордын орнатты.
“Бұл жеңіс 2020 жыл сол күні, сол айда дүниеге келген батырым, жолбарысым Аланның құрметіне арналды”, – дейді кеудесін мақтаныш кернеген Ильдар Ягяев.
Спортшыны марапаттау рәсімі 7 ақпанда Лондондағы Гиннестің рекордтар кітабының орталық кеңсесінде өтті. Ильдар Ягяев ол жақтың қызметкерлерімен достық қарым-қатынас орнатып, жиі хабарласып тұратын көрінеді. Ильдар Ягяевтың айтуынша, жыл сайын Қазақстан спортшылары ұйымды өз жетістіктерімен тәнті етіп жүр.
“Менің балаларым – менің ең үлкен мотивациям, олар мені алға ұмтылуға шабыттандырады. Мен оларға мақсатына жететін, жан-жақты, ешқашан берілмейтін күшті әкенің ең жақсы үлгісін көрсеткім келеді", – дейді спортшы.
Ильдар Ягяевқа Ұлыбританияда жұмыс істеу және елде болу құқығымен екі жылға уақытша баспана берілді. Ол халыққа емес, айтылған сөздерді өзіне қабылдап қалған билікке қарсы шыққанын айтады.