Мун Джэин. Оңтүстік Кореяның 19 – президенті
2019 жылы 9 мамыр күні экс-президент Пак Кын Хэ импичментінен кейін орын алған мерімінен бұрын өткізілген сайлауда жеңімпаз атанып, Оңтүстік Корея мемлекетінің 19 – президенті атанады. Осыған дейін президент 2012 жылғы президенттік сайлауға да үміткер болған екен. Алайда үміткерлік сәтсіздікпен аяқталады.
Мун Чжэин 1953 жылы 24 қаңтарда Кенсан-Намдо провинциясының Коджедо аралында дүниеге келген. Әкесі Солтүстік Кореядан қашып келген, ал Мунның өзі Сеул сыртындағы ең дәрежесі жоғары Пусандағы Кеннам орта мектебінде білім алады.
Мектеп тәмәмдаған жылы Кёнхи университетінің құқық бөліміндегі студенттік өмірін бастайды. Студенттік Юсин конституциясына қарсы протест болған кезде оқудан шығарылып, тұтқынға алынады. Кейін армияға шақырылып, Оңтүстік Корея арнайы жасағының құрамында 1976 жылы Пханмунджомда болған қақтығысқа қатысты. Әскерден қуылған соң мемлекеттік емтихан тапсырып институттағы сот істері бөлімшесінде оқуға шақырту алады. Оқу орнында білімі жөнінен екінші орындағы студент болса да, Чжэ Ин өзінің бұрынға қылмыстарға қатысы бары ескеріліп сот бола алмайды, соның нәтижесінде қарапайым адвокаттық жолды таңдайды. Адвокат болып жұмыс істеп жүріп Кореяның бұрынғы президенті Но Мун Хёнмен байланысқа түседі. 2009 жылы Но Мун Хён қаза тапқанға дейін олар дос болып қалады.
Кейіннен «Демократиялық қоғам үшін заңгерлер» ұйымының мүшесі және Пусан заңгерлері Одағының адам құқықтары жөніндегі комиссиясының төрағасы болып та қызмет атқарады. «Мун Хён тағдыры» атты президенттің өмірі туралы жазып шыққан мемураы бестселлерге айналады.
2012 жылғы президенттік сайлау кезінде кандидат болған, бірақ 48 % дауыс жинаған бұрынғы авторитарлық президент Пак Чон Хидың қызы Пак Кын Хеге жол берді.