«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Ду Вон Чанг «Forever 21» компаниясын құрмай тұрып бүгінінен ертеңіне дейін жету үшін 3 жерде жұмыс жасаған.
Ду Вон Ченг 1981 жылы жұбайы Джин Сукпен бірге Кореядан Америкаға келеді. Өз отбасын аш қалдырмас үшін Ченгке 3 жерде жұмыс жасауына тура келеді. Аула сыпырушы болып та, май ауыстырушы, кішігірім кофеханада да жалданып жұмыс жасайды. 1984 жылы бар жиған-тергенін қосып жұбайы екеуі шағын киім дүкенін ашады.
Көп ұзамай істері өрге жүзіп, кейіннен 480 дүкенді қамтитын Forever 21 ірі сауда компаниясына айналады. Компанияның бір жылдық табысы шамамен 3 миллиард АҚШ долларын құрайды. Қыздары Линда мен Эстер де ата-анасына отбасылық бизнесте қол ұшын созып, көмектесіп тұрады.
Экономика мызғып, теңсіздік күшіне еніп келе жатқан дәуірде есіктегі басы төрге жеткендер жоқтың қасы. Олар өмірін өздері жасады. Ең төменнен жоғарыға бой көтерді. Расымен де жағдайы жақсылардың жарымынан көбі сол күміс қасықтары аузында өмірге келген. Сондықтан да мұндай оқиғалар шынымен де үлгі тұтарға тұрарлық.