Уорис Дири: Шөлдала гүлі
Уорис Дири 1956 жылы Galcaio ауданында, Сомали шөлінде, Эфиопиямен шекараға жақын жерде, кочевниктер отбасында дүниеге келген. Уорис қарапайым қара нәсілді қыздардың қатарынан болушы маеді, егер ол 5 жасында қатаң жыныстық органдарына жасалатын процедура құрбаны болмағанда. Бұл қорқынышты дәстүр әлі күнге дейін бүкіл әлемдегі кейбір мұсылмандар мен христиандарда қолданылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сәйкес, 8 мыңнан астам қыз күн сайын осы қатыгез қылмыстың құрбаны болады.
13 жасында Уористі өзіне әкесіндей келетін кісімен үйлену тойы қарсаңында үйінен қашып кетеді. Осындай қайсарлықтан соң ол Лондонға келіп, Макдональдста еден жуушы болып қызмет ете бастайды.
Супермодель және Бонда
Оның сұлулығын ең алғаш 18 жасында британ фотографы Тринс Донован байқап өз фотосеттеріне шақыра бастайды. Кейіннен атақты модель болып әлемге әйгіленеді. Ол REVLON COMPANY сән агенттігімен эксклюзивті келісімшарт жасасқан тарихтағы ең алғаш африкандық манекенші атанады.
Ол "The Living Daylights" фильмінде Джеймс Бонд рөлін сомдайды. Уорис Диридің өмірі туралы ВВС компаниясы "День изменивший мою жизнь" атты фильмдер сериясындағы "Дочь кочевников в Нью-Йорке"деректі фильмдері түсірілген. Marie Claire журналының NBC-тан шыққан Barbara Walters және Laura Ziv американдық журналистері одан сұхбат алған кезде, Уорис оларға қатыгез дәстүр мен өз тағдыры туралы айтып беруді ұйғарады. Осылайша модельдің қайғылы тағдыры Дүние жүзіндегі сенсациялық жаңалық болады. Себебі, бұған дейін мұндай дәстүр бар екені белгілі болса да, ашылып айтылмайды.
БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан қатігез шараның алдын алу жөніндегі жұмыста Уористі БҰҰ-ның арнайы елшісі етіп тағайындайды. Осы сәттен бастап манекенші әлемнің түкпір-түкпірін кезіп, түрлі ісшаралар мен конференмяларға қатысып, әлем елдерінің президенттерімен кездесіп БҰҰ бюджеттік қорына қаржы жинай бастайды.
«Цветок пустыни»
1997 жылы Нью-Йоркте «Цветок пустыни» атты Урис Диридің өмірбаяны бейнеленген кітап жарық көреді. Кітап Халықаралық бестселлер болды (Германияда, мысалы, кітап ең көп сатылатын кітаптардың ондығына қалды ("Der Spiegel" журналының деректері бойынша) 120 апта бойы!). Кітап 50 тілде басылып шығарылады. Күні бүгінге дейін кітаптың 11 миллион данасы сатылған.
Қашу процессінен 20 жыл өткен соң Уорис өз үйіне барып қайту туралы шешім қабылдайды. Алайда бұл сол уақыттарда өте қауіпті болатын, себебі Сомалиде 12 жылға созылған азаманттық соғыс басталып кеткен болатын, көптеген жерлерінде аштық орнап жатты. Өз еліне барып қайтан сәті модель тағы кітапқа түсіреді, бұл жорлы да кітап әлемдік бестселлерге айналпады.