Тесік құмыра туралы аңыз
28-06-2022
Ертеде бір дана өмір сүріпті. Ол жауабын білмейтін сұрақ болмапты. Одан кеңес алу үшін адамдар жан-жақтан, әр тараптан келеді екен. Күндердің күнінде бір адам дананы айламен сынап көргісі келіпті. "Қолыма көбелекті ұстап алып, данадан ол тірі ме, өлі ме деп сұраймын" - деп шешеді ол. "Егер тірі десе, алақаныммен қысып, көбелекті өлтіремін, ал егер, өлі десе, алақанымды ашамын да оның тірі екенін көрсетемін. Сөйтіп, барша жұртқа оның соншалықты ақылды, дана еместігіне көзін жеткіземін" - дейді. Бірақ, данышпан оған ақырын ғана:"Барлығы сенің қолыңда..." деген екен.