Toyota Alphard немесе Әзірейіл такси
24-07-2022
АҚШ экс-президенті Барак Обама 4 тамыз күні өзінің 58 жылдығын атап өтті.
Америка тарихындағы президент атағына дейін жеткен алғаш афроамерикандық, қазіргі заманның жарқын тұлғаларынаң бірі болды.
Өзінің мансап жолында Обама редактор болып та, адвокат, дәріс беруші, сенаторлық жолдардын да өтеді. 2009 жылдың күзінде Обама өзінің "халықаралық дипломатиядағы ерекше күш-жігері" үшін Нобель сыйлығын алды.
Обама президенттік посттан 2017 жылдың қысында кеткен болатын. Тарихшылардың Барак Обаманың президент болған кезіндегі атқарған шаруаларына көңілдері тоқ. Айтуларынша, оның президенттігі тұсында АҚШ-та жақсы өзгерістер, алға ілгерілеу орын алған.
Экс-президенттің туылған күніне орай Sputnik зейнет демалысындағы Обаманың немен айналысып жүргені жөнінде ақпарат берді.
Ұйқысы қанып, демалып жүр.
Трамптың ұлықтау рәсімінен кейін Барак Обама жұбайы Мишельмен бірге алдымен Калифорнияға демалыс күндеріне аттанып, содан кейін миллиардер Ричард Брэнсонға тиесілі Некер аралына ұшып кетті. 2017 жылы Обама ханзада Гарриге күн сайын ұйықтауға, ұзақ таңғы ас ішуге, жұбайымен сөйлесуге және өз күнін толық бақылауға мүмкіндігі барына қуанышты екенін айтты.
Маңызды тақырыптарға диспутациялап жүр.
Обама өзінің президенттіктен кетсе де Америка халқымен бірге екенін, олар үшін үнемі қам жейтінін айтқан еді. Айтқаны аузында, қазір әртүрлі қоғамдық маңызы бар жиналыстарға ат салысып, өз ойын білдіріп жүр.
Twitter және Instagram желілерінің тұрақты тұтынушысы.
Экс-президент соңғы уақыттарда әлеуметтік желілерде өте белсенді. 2017 жылы тамыз айында Обама Twitter парақшасында Шарлоттсвиллдегі қақтығыс туралы пікірін қалдырған болатын. Ол Нельсон Мандела жайлы да пікір жазған, және оның твиті Twitter тарихындағы ең танымал твит болды. Ал instagram желісінде Обаманың фоллоуерлері саны 23 миллионға жеткен.
Ғұмырнама жазды.
2017 жылдың көктемінде Барак Обама Тетиароа аралында болған кезінде, Президент лауазымда жүрген шақтарынан естеліктерді жазуға кірісетіні туралы ақпарат пайда болды. Алайда экс-президенттің жұбайы Мишель күйеуінен бұрын «Қалыптасу» атты кітабын жарыққа шығарды. Қазірде ерлі-зайыпты бірігіп бір кітап төңірегінде жұмыс жасап жатыр деген сыбыс бар.