ДДСҰ басшысы Жүрсін Ерман құдасын мерейтойымен құттықтады (видео)

Oinet.kz 06-12-2021 967

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус қазақстандық ақын Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

ДДСҰ басшысы ақ тілегін өзінің Facebook парақшасы арқылы жолдаған. 

- "Құтты болсын, Жүрсін Ерман Құда!", - деп жазған ол парақшасында. 

Сондай-ақ, Тедрос Гебрейесус қазақша шапан мен бөрік киіп, видео түсірген. 

- "Құрметті Жүрсін құда! Мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор болсын! Өміріңіз ұзақ болсын! Құдалығымыз мәңгілік болсын!", - деп құттықтайды Тедрос Гебрейесус. Одан бөлек, ДДСҰ басшысы ақынның бір шумақ өлеңін оқып берді. "Арбаса нәпсі-ыбылыс, Алаңдай берем ұлып іш. Көңілге неге сыймайсың Көзіме сыйған құбылыс?!", - деді Гебрейесус. 

ДДСҰ басшысының видео құттықтауына еліміздің бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір қалдырған. 

- "Рахмет, доктор Тедрос! Сізге және сіздің отбасыңызға бар жақсылықты тілеймін!", - деп жазды Біртанов. 

Осы ретте "ҚазАқпарат" ХАА дүниежүзілік денсаулық ұйымының басшысы мен Жүрсін Ерманның арасында қандай туыстық байланыс барын білу үшін 70-ке толған ақынға хабарласқан. 

- "Менің бір жиенім Тедрос Гебрейесустің ұлына тұрмысқа шыққан. Өзім жиен қызым деймін, кіші қызымның қызы ғой енді. Қазір ол жиенім Женевада тұрады. Тедрос Гебрейесуске менің өлеңімді жаттатқызып, қазақша үйретіп жүрген сол жиен қызым ғой", - деді Жүрсін Ерман. 

Мәжіліс депутаты: «Қазақстандағы әрбір бесінші бала кедей отбасында өсіп жатыр»
Абылай ханның киімі "Әзірет сұлтан" қорық-музейінің қорына тапсырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу