«Бекболат Тілеухан 60 мың доллар берді» - Жүрсін Ерман
Қазақстандық танымал ақын Жүрсін Ерман бір айтысты жүргізгеніне қанша гонорар алатынын жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайға берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
Журналистің "Бір айтысты жүргізгеніңіз үшін қанша теңге аласыз?" - деген сауалына жауап берді.
- Хабарласты Солтүстік Қазақстан шақырып жатыр кел 500 мың теңге ақша береміз деді. Осы ғой енді. Кейде олай, кейде бұлай, қанағат қой енді. Ақорда деген қозғалыс құрылды бір кезде. Қайрат Сатыбалды құрып, Бекболат Тілеухан соның қасында жүретін еді. Ақорда өзін қолдайтынын білді де айтыс ақынын құрамыз деп, мені 5-6 облысқа алып барды. Айтыс өткіземіз сол жерде Ақорда құрылады. Бекболат Тілеухан інім бетіңізді көрсеткеннің өзі 10 мың доллар, 6 облысқа барғанда алтаудан 60 мың доллар аласың деп бағамды солай көтеріп беріп еді. Қазір менде ақша жоқ, түсіп қалды. Алдым. Әр облысқа барғанда 10 мың доллардан беріп тұрды - деді Жүрсін Ерман.