Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Мәжіліс отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтататыны айтылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- "Тілеухан Бекболат Қанайұлы өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді. Конституция бабына сәйкес, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берілуіне байланысты ұсыныс енгізіледі", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.
Депутаттар оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына дауыс берді.