Қазақстандық саясаттанушы ресейлік депутаттың мәлімдемесіне жауап қатты

Oinet.kz 14-12-2020 1146

Қазақстандық  саясаттанушы Досым Сәтбаев ресейлік депутаттың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Вячеслав.png

Сәтбаевтың айтуынша, ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы мәлімдемесі арандатушы мәлімдеме ғана емес.

- (...) Біз өзімізді құрметтемесек, онда олар бізді құрметтеуді тоқтатады. Дипломатия әлемінде белгілі бір мәселе бойынша өз ұстанымын нақты көрсетудің көптеген құралы бар. Біздің сыртқы істер министрлігіне Қазақстанға, оның аумақтық тұтастығына, тарихына, тіліне және тағы басқа факторларына арандатушылық және қорлау сипатындағы шабуылдарға жол берген барлық адамның республикамызға келуіне тыйым салуды ресми енгізу сияқты құралдардың бірін қолданатын кез келді. Арандатушылардың көбі Қазақстанға келмейтіні түсінікті. Жириновский мен Никонов сияқты ресейлік билік өкілдері кіретін тізім құру керек. (...), - деп жазды ол.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dosym Satpayev (@dsatpayev)

«Бекболат Тілеухан 60 мың доллар берді» - Жүрсін Ерман
«Маңғыстау-Ақтөбе» пойызында өрт шықты (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу