Жүрсін Ерман діни сектаға кетіп қалған айтыскерлердің атын атады (видео)

Oinet.kz 14-12-2020 4509

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман діни сектаның қарамағына ілініп кеткен айтыскерлер туралы айтты. Бұл туралы ол Нартай Аралбаймен сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Жүрсін Ерман.png

Журналистің "Үй, көлік алды деп қалдыңыз нақты дәлел бар ма оған?" - деген сауалға ақын өз жауабын берді. 

- Кетіп қалған ақындарды айтайықшы. Діни көшті бұрушылар алып кеткендер тура Балғынбек, тура Жандарбек, тура Сара, Сырым деген бала бар. Олардың қайда жүргені бізге бәрібір. Бірақ, осылар кетіп қалды ғой. Жақсылық Орынбасаров деген жігіт кетіп қалды домбырасын өртеп. Сол хабарласып, аға мен райымнан қайттым енді айтыстың көшіне қайта қосыламын деген соң, кеше айтыстырдық. Бірақ, ниетін өзгертіп кеп отыр. Түсінді. Ақындық талант Алланың берген нығметі. Соны халыққа жұмсау керек қой. Анаған, мынаған еріп кетіп. Қандай қазақтың қыздар-жігіттері айтыстың аламанын шулатып, қандай мереке болды. Соның ішінде жүру керек қой. Неге ол бөлініп жарылу керек - деді Жүрсін Ерман.

«Діни секталар қарамағына алып кетті» - Жүрсін Ерман Балғынбек туралы (видео)
«Бекболат Тілеухан 60 мың доллар берді» - Жүрсін Ерман
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу