«Жүрсін аға бізге жала жапты» - Имашев (видео)
Айтыскер-ақын Балғынбек Имашев айтыстың ақтаңгері Жүрсін Ерманның өзіне жала жапқандығын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.
- Ол кісі ақын ғой. Эмоциямен, ешқандай фактіге сүйенбей айтып жібереді. Айтыспаймын деп домбырасын бір бұрышқа қойып, домбырасын біреуге сыйлап кеткен шығар. Ана кісі сөзімен домбырасын өртеп кеткен деп айтады. Естіген ел шок болады. Жүрсін аға сұхбатта бізге жала жапты. Жүрсін ағаны құрметтейміз, қадірлейміз, әкеміздей адам ғой. Бірақ, кейбір секталар деп айтты. Ағымдардың адамдары біреуге үй берді, біреуге көлік берді, біреуге ақша берді, сөйтіп оларды өзіне тартты деп айтты. Нақты айтсам, Балғынбек, Жандарбек, Сара, Сырым деп айтты. Балғынбекке кім үй, машина берді? Дәлелін келтіріп айтсын. Жала ғой ол - деді Балғынбек Имашев.
Сондай-ақ, ол Жүрсін Ерман ағасына жолығып, осы мәселе жөнінде шүйіркелескендігін де жеткізді.
- Аға сіз бізді халықтың арасында адасушы ағым, жамандықты насихаттаушы адам ретінде көрсетіпсіз. Мынауыңызды сотқа беремін мен дедім. Сөйтсем, берсең бер деді. Жәй наз ретінде айтылған нәрсе ғой. Бірнеше айдан кейін Жүрсін ағаны көріп қалдым. Сөйтсем сен сотқа қашан шақырады деп күтіп жүрмін ғғой деді. Сотқа шақырмаймын шығармашылық концертімді беремін келіңіз дедім. Болыд. Сенің концертіңе бармағанда кімге барамын айналайын деді. Бірақ, келген жоқ. Естіген жоқпын, концерт беріпті депті - деді айтыскер-ақын.