Қайрат Жолдыбай, Шардара ауданының әкімі: "Алып анадан туады"
Президенттің 2021 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен бойынша, көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды. Осыған орай жуырда Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай бірқатар көпбалалы аналарға тиісті наградаларын тапсырды. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-Сіздер ауданымыздың демографиялық өсуіне ықпал ете отырып, ел тұтқасын ұстар болашақ ұрпақтарымызды тәрбиелеудесіздер. «Алып анадан туады» деген сөз бар халқымызда. Өздеріңіздей батыр аналарымыз барда жарқын елдің ертеңіне нық сенім орнайды. Мемлекетіміздің дамуына елеулі үлес қосар азаматтарымыздың қатары көбейіп, ұлтымыздың өсімі артады,- деді аудан әкімі.
Қазіргі таңда Шардара ауданында 746 «Алтын алқа» және 2064 «Күміс алқа» иегерлері атанған көпбалалы аналар тұрады.