Мейрамбекке хабарласқан апа не айтты?

Oinet.kz 05-02-2021 2403

Әнші Мейрамбек Беспаевтың Инстаграм парақшасындағы ақ жаулықты әжеміздің кірбіңсіз кең көңілінен шыққан ізгі тілектері көпшілікті сүйсіндірді. 85 жастағы әже «Мейрамбекке не айтасыз?» деген сұраққа ақ батасын ақтарып, тілек жаудырды деп жазады Oinet.kz әншінің парақшасына сілтеме жасап.

Screenshot_8.jpg

«Сені ауырып қалды деп естідім. Қатты уайымдадық. Айналайын, жарығым, тезірек жазылып кетуіңді тілеймін» деген апаға жанындағы балалары «қазір Мейрамбек звондайды» дейді. Ақкөңіл баладай Мейрамбектің қоңырау соғуын күткен апамыз телефонын көтере салып тағы да ақжарма тілектің тиегін ағытады. Осы видеоға байланысты әнші Мейрамбек Беспаев та: «Жаным апатай, сіздің сәлеміңізді әлеуметтік желі арқылы көрдім. Ақ жүрекпен айтылған аппақ тілегіңізге мың алғыс. Жанымды елжіретіп, көңілді тербетіп жібердіңіз. Аллаға шүкір, қолыма домбыра алып ел алдына шыққалы бері, кимешегі кірлемеген осындай аналарымның ақ батасын алып келемін. Ата-апаларымның ақ батасы көңілге медеу, жаныма демеу болып келеді. Видеоны көріп отырып, бауырына салып еркелетіп алатын өз әжем есіме түсіп, көңілім босады. Ұрпағыңыздың рахатын көріңіз, апа. Мен болып сөйлесіп, көңіліңізді көтеріп отырған немерелеріңіздің әзілі қандай жарасымды. Айналайын аталарым, әжелерім, апаларым!Мен сіздерді өз ата-анамдай жақсы көремін. Алладан амандықтарыңызды тіледім. Ыңғайы келсе осы апамның нөмірін тауып берсеңіздер жақсы болатын еді. Видеозвонокпен хабарласамын» деп жазба қалдырды.

«Жүрсін аға бізге жала жапты» - Имашев (видео)
Димаш қырғыздың ұрпағы екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу