Мейрамбек Беспаев халыққа маңызды үндеу тастады (видео)

Oinet.kz 17-05-2021 2541

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев халықты вакцина салдыруға үндеді. Бұл туралы ол Almaty tv арнасындағы Paparazzi бағдарламасында айтты.

Мейрамбек Беспаев.jpg

- Бірден бір жолы осы боп тұр ғой енді. Оны салдырмаса болмайтын шығар, өйткені қаншама жақындарымыздан айырылдық. Бұл ойыншық емес. Бұл сенбей ойнайтын індет емес. Кәдімгідей қауіпті болғаннан кейін одан сақтанудың тиімді жолы вакцина болып тұр ғой. Сондықтан мен үндеу салар едім халықты індеттен аман сақтаудың бірден бір жолы осы шығар енді - деді Мейрамбек Беспаев. 

Әншінің бұл үндеуіне желі қолданушылары түрліше пікір қалдыруда.

- "Білмесе айтпасын, қаншама адам өліп жатыр вакцинадан!", "Әркім өзі біледі вакцина алу, алмау жағы", "Мейрамбек, Сізден күтпеген едім бұндай тірлік", "Вакцина алу керек! Қазақ талқылап жатқанда шет ел басқа мемлекетке барып алып жатыр. Тегін тек бару керек! Соны түсінбей байбалам салғанша екпені алып алсаңдаршы. Вакцинаның арқасында әлем талай аурудан айықты емеспе?!", "Толық зерттелмеген вакцинаны ал деп ундеу тастамаңыз.Егерде бір жағдай болып жатса кімді кінәга тартамыз.құдай сақтасың аман болайық.Вакцинаданда қанша адам кетіп жатыр" - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

Қанат Әлжаппаров қызына ерекше есім берді (видео)
Қыдырәлі мен Қарақат Түркияның адамдарын жер-көкке сыйдырмай мақтады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу