Қыздар қандай сыйлық алғанды ұнатады?

Oinet.kz 12-07-2019 2913

Screenshot_7.jpg

     Халықаралық әйелдер күні бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының сыйлыққа «қарық» болатын күні.  Көпшілігіміз анама, әйеліме қандай сыйлық сыйласам екен деп бас қатыратынымыз анық. Дүкендерде сыйлықтан көп нәрсе жоқ, дегенмен оларды таңдай білу де өнер екенін ұмытпайық. Оның үстіне нәзік жандылар қарапайым дүниелерден гөрі ерекше сыйлықты дәметеді.

    Статистикалық мәліметтер бойынша әйелдердің басым бөлігі  8 наурызға сәннен қалмай келе жатқан сыйлық гүл мен тәттілерді қалайды екен. Екінші орында парфюмериялық заттар.  «Тосын сыйды» ұнататындар да аз емес. Мәселен сөйлейтін фотожақтау мен жұмсақ ойыншықтар, романтикалық ас және демалыс орындарына жолдама т.б Ең бастысы оларға қанша сомаға, не сыйласаңыз да, мұндай тамаша күнде оның көңілінен шығып, қуантып қою маңызды.

 

Айгүл Соловьева,  Мәжілістің экс-депутаты:

                                         Гүлді ұнатамын

       Гүлді ұнатпайтын әйел жоқ шығар. Мен де сол жандардың қатарынанмын. Мерекеде маған гүл сыйласа болды, ерекше қуанып қаламын. Гүлдің түрі, түсі, бағасы мен үшін маңызды емес. Таза ниетпен ұсынған жақсы адамның сыйлығы әрқашанда бағалы деп есептеймін.

 

Индира Расылхан, әнші:

                                         Қолсағатыма қызығады

        Жақсы сыйлық адамның жан сарайын ашады. Сыйлық сыйлауды  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі құп көрген. Оны мына: «Бір біріңе сыйлық  жасаңдар. Бір-біріңді жақсы көресіңдер»,- деген хадисінен аңғаруға болады.  

         Әйелдер мерекесінде әрбір қыз-келіншек жақындарынан сыйлық күтеді. Жолдасым маған әрдайым ерекше сыйлықтарды жасаудан жалыққан емес.  Әсіресе, оның сыйлаған қолсағаты өзіме қатты ұнайды. Бағасын осы уақытқа дейін сұраған емеспін. Өйткені  шын көңілмен берілген жақсы сыйлықтың бағасын сұрау әбестік деп білемін. Көрген жандардың барлығы сол сағатқа қызығып жатады.

 

Хадиша Шалабаева, әнші:

                                                    Қызымның қағаз гүлі қымбат

    Достарымнан, тыңдармандарымнан ұсақ-түйек сыйлықтарды алып тұрамын. Барлығын ыстық ықыласпен қабыл аламын, әрине. Өнерімді бағалайтын бір ағамыздың сыйлығына әлі күнге дейін ризашылығымды білдіріп жүремін. Ол кісі жеке шығармашылық кешімді ұйымдастырып берген еді. Әншіге одан артық қандай сыйлық қажет десеңізші?! Ал ана үшін ең қымбат сыйлық ұл-қызының берген сыйлығы шығар. Өткен мейрамда қызым өз қолымен қағаздан ойып гүл жасап берген. Оның қолынан шыққан дүниені көргенде қатты қуандым. Шынымды айтсам оның қолөнерлік қыры бар екенін сонда білдім. Одан өзге сыйлыққа күмістен, гауһардан жасалған қазақы нақыштағы әшекейлерді алғанды ұнатамын.

    Адамдардың бір-біріне сыйлық жасауы олардың сыйластығын арттырады. Сондықтан жақындарымызды әрқашан қуантуға тырысайық!

    Айнұр Оңғарбай,

    «Рейтинг» газеті №8, 3 наурыз 2016 жыл

Баланы шал-кемпірдің тәрбиелеуінің теріс жағы бар ма?
Мақпал Мыса, ақын: «Жоғалған көзілдірігімді маймылдан таптым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу