Бритни Спирс кітап жазды
Американдық әнші Бритни Спирс өзінің алғашқы автобиографиялық кітабын жарыққа шығаруға дайындалу үстінде. Өнер жолын әп-әдемі бастап, бірқатар марапаттарға ие болған әншінің аты бір кездері дау-дамайдың шырмауында жүрген еді. Есірткіге әуестеніп, сахнадан қол үзе жаздаған ол соңғы кездері тәубесіне келіп, жаңа әндер жазып, тыңдарманымен қайта қауышты. Кітапқа келер болсақ романдағы кей сюжеттер ойдан құрастырылғанымен, онда әншінің өз өмірі суреттелмек.
Мұрағаттан, 13.12.2012 ж