Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әйел адам үшін ең үлкен қасірет күйеуінің өзіне көңілі толмауы шығар. Тұрмысқа шығар алдында күйеуіммен арамыз бәрі керемет болды. Ыстық сезім. Шексіз махаббат. Риясыз құштарлық. Бітпейтін әңгіме. Бірақ бәрінің соңы болатындай, бұл сезімдердің де аяғы болды. Қазір мен үшін ең ауыр кезең. Кейде өмір сүргім келмей кетеді, бірақ балаларым үшін бәріне амалсыз шыдап жүрмін.
Сәкенмен шаңырақ көтергенімізге 10 жыл болды. Осы уақыт аралығында бір ұл, бір қызымыз дүниеге келіп, бізді шексіз бақытқа бөледі. Бірақ барлық қиыншылық осы балалар дүниеге келген соң басталды.
Күйеуім менен ұялатынды шығарды. Нақтырақ, бұрында той-жиындарға екеуміз бірге баратынбыз, ал қазір мені жанына ертіп жүргісі келмейді. Жұмыстан келгенде жан-жағындағыларға ұрсып, айқайлап шығады. Сөйлесейік десем бетіме де қарағысы келмейді. Түнде теріс қарап жатады. Не істеймін?
Кейде үйге кеш келсе көңілдесімен жүр деген жаман ойларды ойлаймын. Бұл маған қатты ауыр.
Кеше көйлегің жуып жатып жағасынан қызыл далапты көрдім. Өкіріп жыладым. Шынымен, күйеуімнің көңілдесі бар болғаны ма?! Маған айтқан бұрынғы уәдесін шынымен ұмытты ма? «Әркез бірге боламыз. Сенен басқа ешқандай әйел керек емес маған?» деген сөздері қайда қалды? Осы ойлар мені жеп қойды. Тым жүдеп кеттім.
Көзіме шөп салған күйеуіммен қалай өмір сүремін? Менен ұялғаны жетпегендей, енді көзіме шөп салғанын қалай кешіремін? Маған қазір тым қатты ауыр!
Айгүлдің хатынан,
Шымкент қаласы