Көкшетауда 1 жасар сәбидің өңешіне түйреуіш тұрып қалған

Oinet.kz 08-09-2020 1134

Көкшетаулық дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған сәбиді аман алып қалды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

158347.jpg

Бұл туралы Ақмола облыстық балалар ауруханасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. 

«27 тамызда оториноларинголог Гүлнар Жүнісова бір жасар сәбиге ота жасады. Дәрігердің кәсіби шеберлігінің арқасында наркоз және хирургиялық отасыз баланың өңешіне тұрып қалған түйіреуіш алынды», - делінген жазбада. 

158346.jpg

Сонымен бірге, дәрігерлер баланың тыныс алуы мен сөйлеуі қиындаса, дыбыс шығара алмаса, рефлекторлы лоқсу, өңір сырылы, тыныс алу қимылында діріл байқалса жедел дәрігерге баруға кеңес береді.

Күйеуі үшін арықтаймын деп өліп кетті
Күйеуім менен ұялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу