Алматы облысында күтушінің қарауында болған 2 жасар бала қаза тапты

Oinet.kz 06-04-2023 521

Алматы облысында күтушінің қарауында болған екі жастағы бала қаза тапты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Screenshot_32.jpg

Ақпаратты Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі растаған. Белгілі болғандай, 25 наурызда Талғар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне әйел арыз түсірген. Ол екі жасар баланың өз үйінде қаза табуына байланысты, 30 жастағы күтушіге шара қолдануды сұраған.

"Азамат Ш.(күтуші) ата-анасының 5-6 ай бойы төлеген ақшасы үшін кәмелетке толмаған К.-ға күтуші ретінде мерзімді түрде қарап келген. Аталған дерек ҚК-нің 141-бабының 2-бөлігімен "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне сәйкес тіркеуге алынды. 2023 жылғы 26 наурызда қылмыстық құқық бұзушылықты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігіне "Адам өлтіру" деп өзгерту туралы қаулы шығарылды", - деп мәлімдеді аталған ведомство өкілдері.

6 сәуірде Талғар ауданы прокуратурасының полиция бөлімінің тергеушісі күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы прокуратураға өтінішхат жолдайды. Аудан прокуратурасы өтінішті қолдап, тергеу сотының қарауына жіберген.

Күтушінің бақылауында болған баланың қаза табуына байланысты тергеу жұмыстары жалғасып жатқаны белгілі. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, деп қосты прокуратура.

Қарағандыда ер адам жеткіншектерге ақша ұсынып, ерсі әрекет көрсеткен
Батыс Қазақстанда 13 жастағы жасөспірім жүк көлігімен әкесін басып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу