​Дина Төлепберген көптен жасырып жүрген құпиясымен бөлісті (фото)

Oinet.kz 14-08-2020 2253

Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген осыдан 8 жыл бұрын ақ көйлек кимей-ақ және той жасамастан тұрмысқа шыққанын айтып берді. Белгілі журналист отбасылық өмірге қалай қадам басқаны туралы қызықты оқиғасымен бөлісіп, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Бұл туралы Дина Төлепберген өзінің instagram парақшасында жазды.

БАҚ саласының өкілі дүркіретіп той жасамай-ақ тұрмыс құруға болатынын "өзі тексеріп көргенін" айтып, нәзік жандыларға кеңес берді. 

"Қыздар, сендерге бір құпиямды айтайын. Мен тұрмысқа тойсыз шыққан жанмын. Бұл осыдан 8 жыл бұрын болған еді. Әлі есімде, таңертең күн борандатып тұрды. 15-ші желтоқсан. Мен будильникті таңғы сағат 07.00-ге қойғанмын. Бірақ түні бойы ойланып, көз ілмеген соң, таңсәріде тәтті ұйқыға батыппын. Оянсам, 09.15. Енді қайттім?! 15 минуттан кейін болашақ күйеуім келуі керек. Абыр-сабыр. Сасқаннан қолыма ілінген джинсыды киіп алыппын. Бетімді, тісімді жуып үлгердім әртеуір. Сөйтіп, АХАЖ бөліміне кірдік. Неке туралы куәлікке қол қойып, құжатты алып кете саламын деп ойлағанмын. Жоқ, сондағы маман "как положено" сұрақтарды қойып, ресми түрде бізді ерлі бізді ерлі-зайыпты етті. Сол күні студияға барып, тағы Астарлы ақиқатты жаздым. Меніңше, тойды дүркіретіп өткізудің еш қажеті жоқ. Тойсыз да бақытты болыңыздар!", - деп жазды ол өз парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Тұрмысқа тойсыз да шығуға болады

Тоғыз жасында тұрмысқа шыққан қыздың тауқыметті тағдыры
Баласыз өткен 10 жыл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу