Баласыз өткен 10 жыл
Ақнұр өз жұмысынын білікті маманы. Өмірін жұмысына, жас аналарға арнады.
Әдеттегідей, бүгін жұмыста. Түскі уақытта қабылдауға жазылған жас келіншек Дана келді. Ақнұр мен Дана бір-бірін тез түсінісіп, тіл табыса білген дәрігер мен емделуші ғана емес, сонымен қатар сырлас құрбы болды.
- Дана, сен керемет ана боласың, бұйыртса! Жақсы күтініп жатыр екенсің, баланың денсаулығы өте жақсы. Енді аман-есен босанып, балаңды қолына алсаң, сен үшін шын жүректен қуанамын. Уайымдама, босанар кезде қасыңнан табыламын, - деді жылы жүзді Ақнұр.
- Айтқаныңыз келсін, Ақнұр әпке. Сіз мен үшін тек дәрігер емес, жақын әпкемдей болып кеттіңіз. Қамқорлығыңыз үшін үлкен рахмет! Күйеуім мен ата-енем мені жүкті екенімді білген күннен бастап маған тек қамқорлық көрсетеді. Енем «шаршап қалма, демалып ал» деп мені әркез қолдап жүреді.
Әпке, мен күйеуімнің екінші әйелімін. Бұрынғы әйелімен 10 жыл тұрып, бірақ бала болмаған соң ажырасып кеткен. Күйеуім балалы болуды, ал ата-енем немере сүюді қатты қалап жүр. Мені аялап жүргені де сондықтан.
Дананың әңгімесін естіп Ақнұрдың денесі тітіркеніп, жылап жібере жаздады. Мүмкін тағдыры ұқсас болғандықтан болары.
Бағдат пен Ақнұр студенттік шағында танысып, көңіл жарастырып, шаңырақ көтерді. Әр күні бақыт пен шаттыққа толы болған жұбайлардың басты арманы балалы болу еді. Алланың сынағы болар, Ақнұр бала көтере алмады. Арадан бір, екі, бес, тіпті он жыл өтті. Бірақ Ақнұр бала көтермеді. Бір қуантарлығы, Бағдат пен оның ата-анасы Ақнұрды өз қызыңдай жақсы көретін, «әлі-ақ бала көтересің, немереміз болады» деп әркез жұбатып, қолдап жүрді.
Ақнұр өзі гинеколог болған соң, бала көтере алмайтынын білетін. Бірақ үміт, шіркін, үзілмейді ғой! Өз-өзің, сүйген жары Бағдатты да алдап жүргеніне он жылдай уақыт болды. Ақнұр қолынан келгеннің бәрін жасады, емделмеген дәрігер қалмады, тәуіп-молдаларға да барды, бірақ маңдайына солай жазылған екен, бала көтермеді. Сол сәттен бастап Ақнұр өзі шексіз жақсы көретін Бағдаттың өмірінен кетті.
Бағдаттың өз баласы болғанын қатты қалайтын. Сондықтан да ол өз жөнімен кетті. Бағдаттың үйленгенін естіген күні жүрегі қақ айырылардай жылап, тіпті өмірден баз кешіп кетті. Бірақ Ақнұр өте мықты еді. Бұл қиыншылықты да жеңіп шықты. Өзге қалаға кетіп, жаңа өмір бастауға шешім қабылдады. Ендігі оның өмірлік ұстанымы жас аналарға қолдау көрсету болды.
Осы мақсат Ақнұрды Алматыға жетелеп келді. Осында көшіп келгеніне де бірнеше жылдай уақыт өтті. Өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, біліктілігімен ортада өз сыйын тапты. Қазір уақытты барша жас аналар Ақнұрдың қабылдауына алдын-ала жазылып қояды. Дана сол жас аналардың бірі еді.
Бағдат Ақнұрмен айырылысқаннан соң естелікке толы қаланы тастап, отбасымен Алматыға көшіп келді. Алғашында бірнеше жыл Дана бала көтере алмады. Уайымға берілген Дана танысынын айтуымен Ақнұрдың қабылдауына жазылған еді. Сол сәттен бастап Ақнұр мен Дана тез тіл табысып, жақын құрбыға айналды. Дана жүкті болған кезде Ақнұр шексіз қуанып, жылап жіберген. Бірақ ол Дана Бағдаттың әйелі екенін білмейтін.
Бүгінге дейін білмеді. Бірақ бүгін....Бағдат пен Дана баланың жынысын білу үшін бірге келген кезде Ақнұр қашып жүрген «тағдырымен» қайта кездесті. Ақнұр шексіз сағынған Бағдатты көргенде аяқ-қолы дірілдеп, көзі жасаураған күйі сыртқа шығып кетті. Өміріңдегі ең алғашқы аруы, әлі күнге дейін жүрегі елжіреп еске алатын сүйген жарың көрген Бағдат не істерін білмей, қатып қалды. Әуелгіде не болғанын түсінбеген Дана үнсіз қала берді. Бағдат баланың жынысын білмей әйелін ертіп кетіп қалды. Бұл кездесу үш тағдыр иесіне де қатты соққы болды.
Бағдат барлық болған жағдайды Данаға түсіндірді. Қанша қашқанымен Бағдат пен Ақнұрды тағдыр қайта кездестірді. Дана өте парасатты әйел. Бұл оқиғаға ешқандай қарсылық танытқан жоқ. Тіпті, керісінше қуанды. Ақнұрдай ақ ниетті жанның өмірінде кезіккеніне, баласының кіндік шешесі болатынына шексіз қуанды.
Дана шекесі торсықтай Мирас есімді ұл баланы дүниеге әкелді. Мирас дүниеге келген сәттен бастап екі ананың қамқорлығын көріп, өсуде. Ал қазір Бағдат пен Дана екінші перзентін күтіп жүр. Ақнұр бөлек тұрғанымен, бұлардың үйіне жиі қонаққа келіп ұрады. Ақнұр үшін ең үлкен қуаныш – Мирастың «АНАШЫМ» деген сөзі.