Абысыным екінші енем сияқты

Oinet.kz 13-08-2020 1951

Келін болып түскен сәтте шексіз бақытты едім. Осы үйдегі әрбір жан мен үшін әлемдегі ең сұлу, ең қамқор адамдар болып елестеді. Бір шаңырақ астында абысыным екеуміз тұрамыз. Бір үйде екі келін тұру бастапқыда маған шексіз қуаныш сылайтын. Айгүл жеңгем маған көмектеспесе де жанымда мені қолдап, білмегенімді үйретеді деп ойладым. Бірақ бұл менің тек бос қиялым екен.

04052017103152_d67f211ed1b56d80380ce3d4f658d6f8.jpg

Бастапқыда бәрі жақсы болды. Жеңгем қай заттың қайда тұратынын үйретіп, маған көмектесіп жүрді. Бірақ соңғы уақытта жеңгемнің іс-әрекеттерін түсіне алмадым. Маған жекіп сөйлеп, әр ісімнен қателік тауып, мені мұқатып отырады. Бұл әрекетіне енем де ештене демейді. Қолдаған адамдай үндемей отырады. Ал бұл маған қатты тиетін. Іштей ренжігеніммен оған ашық ештене айта алмадым. Күйеуіме айтсам мән берме, шыда деп айтады. Мен қашанға дейін шыдайын?!

Тойдан соң бірнеше айдан кейін мен бала көтердім. Бұл қуанышты естіген соң бәріміз шексіз қуандық. Бірақ сол күннен бастап абысыным мені жек көре бастады. Өйткені, оның келін болып түскеніне екі жылдай уақыт болыпты, бірақ әлі күнге дейін бала көтере алмай жүр. Ал өмірге деген өкпесін менен алатындай, маған жекіріп сөйлейді. 

Мен жүкті болғандықтан тез шаршап қалам, жатып, демалығым келеді. Ал жеңгем мені құлша жұмсайды. Өзі бала көтермеген соң менің жай-күйімді түсінбейді. Ең болмағанда маған ауыр сөз айтпай жүрсе екен. Мен оның айтқан жұмыстарынан емес, сөйлеген сөздерінен шаршаймын. 

Соңғы уақытта абысынымның артық кеткенін әрі көреалмаушылықпен жасап жүрген іс-әрекеттерін байқаған енем қайын ағам мен жеңгемді бөлек шығаруды айтты. Ал бұл сөз жеңгеме тіптен ұнамады. «Мені бала тумадым. Бала туатын келіндерін бар, енді мен керек емес болып қалдым» деп қатты ренжіді. Бірақ енем ешқашан бұлай ойлаған да айтқанда жоқ еді. Әрине, жеңгеме де қатты қиын. Түсінем, бірақ көреалмаушылықпен менің балама зияны тиіп кете ме деп ойладым. 

Енем айтқанын істеді. Қайын ағам мен абысыным бөлек шықты. Мен бала көтерген соң шындап ойланды-ау дим. Қайын ағам екеуі емделіп, тәуіп-молдаларды аралап жүр. Біра қызығы, бөлек шыққан соң жеңгем бала көтерді. Бұл қуанышты жаңалыққа бәріміз шексіз қуандық.  

Қазір жеңгем де жүкті. Аңсаған баласын асыға күтуде. 

Бастапқы кездердегідей емес, қазір маған жылы сөйлейді. Екеуміздің ортақ әңгімеміз бала туралы. Осы қуанышымыз ұзағынан болса екен деп тілеймін. 

Баласыз өткен 10 жыл
«Өмірде ештеңе кездейсоқ болмайды»: Айсұлтан Назарбаев несімен есте қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу