Тоғыз жасында тұрмысқа шыққан қыздың тауқыметті тағдыры
Балалық шақ – патшаның тағына бергісіз бақ. Қиял кеңістігіне сапар шегіп, әлемде тек романтикалық бейнеде қабылдайсың. Әдетте 9 жасар балалар түрлі мультфильм көріп, уақыт өткізеді. Кей мемлекеттерде 9 жасар қызын тұрмысқа шығаратын үрдіс бар.
Йемендік Нуджуд Али 9 жасында тұрмысқа шыққан. Ата-анасы баланың еркімен санаспай, ересек еркек қауіпсіздігін қамтып, жақсы болашақ сыйлайды деп сенгенін жеткізген. Некеде зорлық көріп, қалауынан тыс қалған Нуджуд секілді йемендік қыздар өте көп. Тұрмыс теперішіне төзбеген бүлдіршін ажырасуға арыз беріп, басына бостандық ала білген. Бұл жағдаят әлем елдерінің назарын аударды. Әкесі «масқараға» төзбей, қызын үйінен қуып шықты.
Нуджуд Али 1998 жылы Йеменде дүниеге келген.Елдегі салтқа байланысты алғашқы етеккір циклінде ( 9 жасында ) 30 жастағы курьерге ұзатылады. Оның отанында қыздардың жартысынан көбі 18 жасқа дейін отбасылық өмірге бейімделеді. Нуджудтың отбасыда 16 бала болды. Себебі, қыздың әкесі екі әйелімен бірге тұратын. Көп баланы асырауға қиынсынған болар, әкесі қызын тым ерте тұрмысқа берді. Неке шартының талабына сай Нуджудтың жары қызға әкесіндей қамқор болып, 18 жасқа дейін жақын қатынаста болмау керек еді. Алайда, күйеуі баланы ұрып-соғып зорлық көрсеткен.
Үйлену тойынан екі ай өткен соң, Нуджуд тиран күйеуінен қашып құтылады. Әкесінің екінші әйелінің кеңесі бойынша ол сотқа жүгініп, ажырасуға бел буады. Соттың әділетсіздігі сол, қыз экс ерінің отбасына 200 АҚШ долларына тең моральдық зиян өтеуге міндеттеледі. Нуджудтың адвокаты еш саспай қаражатты өзі төлейді.
Нуджудқа адвокаттық еткен Шада Нассер – Йемен тарихындағы алғашқы заңгер әйел. Ол Чехияда жоғары білім алып, оқуын аяқтағаннан кейін отанына оралған. Нассер1996 жылы үш әріптесімен бірге әйел құқығын қорғаумен айналысатын заң фирмасының негізін қалайды. Ол Нужудтың ел тарихындағы алғашқы ресми ажырасқан кәмелетке толмаған бала болуына қол жеткізді. 2008 жылы Нассер мен оның шәкірті GLAMOUR журналының нұсқасы бойынша «Жылдың әйелі» деп танылды. Олардың ғажайып жеңісі туралы бүкіл әлем жарыса жазып, ақпарат таратты.
Йеменде балалар некесінің негізгі себебі – кедейлік. Елде еңбекке қабілетті тұрғын жылына орта есеппен 900 доллар табады. Бұл ақша үлкен отбасын асырауға жеткіліксіз. Қызы неғұрлым ерте тұрмысқа шықса, әкесінің қамқорлығында ұрпақтар аз болады. Нуджудтан өмірінде неден қуанатындығын сұрағанда былай жауап берген :
Мені не қуанта алады? Әрине менің ажырасуым! Тағы не? «Том мен Джерри» мультфильмін қарау.
Нуджудтың ерте тұрмысққа шғуыа тағы бір ықпал – отбасы «абыройы». Нуджудтың бір әпкесін зорлап, екіншісін бегісіз адамдар ұрлап кетеді. Бұл трагедияның кіші қызда қайталамауын қалаған ата-ана қызынан құтылуға асық болды. Тұрмысқа шыққан Нуджуд ата-анасы кімнен қорғағанын ұқпай дал олады: сол қорлық, сол зорлық. Тұрмыстық өмірі туралы Нуджуд былай айтқан:
Нужуд пен оның адвокаты Шада Нассер 2009 жылы Француз журналисті Дельфин Минуамен бірігіп "Мен 10 жастамын, жіне мен ажырастым" кітабы жарық көрді. Сол кезде қыз отбасымен бірге қайырымдылық жасаушылар сатып алған жаңа үйде тұрды. Баспагерлер өмірбаянды сатудан түскен кірістің бір бөлігін оның оқуына ақы төлеу үшін Әкесі Нуджудтың шотына аударды. Нужуд АҚШ-қа барып, онда ол Glamour журналынан сыйлық алып, Хиллари Клинтонмен кездесті.
Оқиға ел ойлағандай «Happy end» бола қоймады. Нуджуд 2013 жылы әкесінің үйден қуы шыққанын, қызының оқуы үшін шотына түскен қаржыға үшінші рет неке қидырғанын елге жариялайды. Нуджудтың сіңілсі Хайфу да отбасының материалдық жағдайын жақсарту үшін ересек адамға тұрмысқа шығады. Нуджуд мектепке баруды мүмкіндігінен айырылады. Двокат Шада Нассер қыздың туыстары оны қолдамағанын, оның атағын өз мәселелерін шешуге қолданғанын жеткізген.
Нуджуд оқуын аяқтаған жоқ. Есімін Ножум деп өзгертіп 2014 жылы қайтадан ұрмс құрды. Қазір екі қыздың анасына атанған. Йеменде азаматтық соғыс болып жатқанда, ол туберкулез дертіне шалдығады. Оған елінде көмек көрсете алмаған соң, Сауд Арабияға қоныс аударады. Нуджудтың содан кейінгі өмірі жайлы ақпар тұманға сіңгендей белгісіз.
Суреттер ашық дереккөзден алынды