Ақтауда өзінің 3 баласын аса қатыгездікпен өлтірген ер адамға қатысы сот үкімі шықты

Oinet.kz 19-06-2023 1582

Ақтауда 3 баласын асқан қатыгездікпен өлтірген әкеге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп  хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Сотталушы балтамен және ас үй пышағымен қаруланып, үйге қасақана келіп, үш жас баласын қатігездікпен өлтірген.

Оның кінәсі қылмыс жасауда жәбірленушінің, сотталушының өзінің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. Сотталушы кінәсін мойындаған.

«Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған кәмелетке толмаған балалармен қызметке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды» делінген баспасөз мәліметінде.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

«Видеоны қалыңдыққа көрсетеміз»: Үйленгелі жатқан жігітті екі қыз пәтерге шақырып, бопсалаған
Атырауда 38 жастағы ер адам зейнеткер әкесін ұрып өлтірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу