Атырауда 38 жастағы ер адам зейнеткер әкесін ұрып өлтірген

Oinet.kz 01-07-2023 3444

Атырау облысының 38 жастағы тұрғыны әкесін ұрып өлтірді. Оқиға Индер ауданындағы Есбол ауылында болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Astana.tv арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, отбасылық жанжалдың неден туындағаны әзірге белгісіз. 38 жастағы күдікті ата-анасынан бөлек қалада тұрған. Ал марқұм зейнет жасына қарамастан вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында.

Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлімі бойынша (қасақана дене жарақатын салу салдарынанадам өліміне әкеліп соққан іс-әрекет) тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сот медициналық сараптамасы жасалды.

«Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бір-біріне туысқандық қарым-қатынасы, әкесі мен баласы болып келетіндігі анықталып отыр», — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Ақтауда өзінің 3 баласын аса қатыгездікпен өлтірген ер адамға қатысы сот үкімі шықты
Төрт баласы бар еркекке тұрмысқа шыққан жас қыз елді сүйсіндірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу