«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Біз Мұхтар екеуміз бір-бірімізді шексіз жақсы көріп үйлендік. Өміріміздің әр күні махаббат пен қуанышқа толы болды. Өмірге тәп-тәтті егіз ұлдарымыз келіп, қуанышымыз еселенді. Біз шексіз бақытты едік. Тек сол сары шашты әйел жолыққанға дейін.....
Мен Мұхтарға толықтай сенемін. Ол мені ешқашан алдаған емес. Отбасылық өмірде кез келген қиыншылықты бірігіп жеңіп шықтық. Бірақ соңғы уақытта ол қатты өзгеріп кетті. Жұмыстан кеш келеді, кішкентай балаларымызға дөрекі сөйлейді, маған қол көтеретінді шығарды. Тіпті, кейде үйге қонбайды. Алғашында, өзге әйелмен қарым-қатынас жасап жүр, өзгені ұнатып қалды деп ойлап, жылап алдым. Өмірімнің күл-талқаны шыққандай болды. Бірақ күш жинап, күйеуіммен ашық сөйлесуім керектігін түсіндім.
Мұхтар жұмыстан келген соң «Сенің өмірінде менен басқа өзге әйел бар ма? Кім ол?» деген сұрақпен бастадым. Алғашында ол жауап бергісі келмей, жалтақтағанымен, соңында бар шындықты айтып берді.
- Әдеттегідей жұмыстын жанындағы асханаға түстенуге бардым. Жаңа даяшы қыз келіпті. Маған қызмет көрсетті. Басында қызық көріп, оның нөмерін алып, саған білдіртпей кездесіп жүрдім. Оның айтуынша күйеуі ұра бергендіктен ажырасып кетіпті. Үлкен пәтерде жалғыз тұрады. Жұмыстан шығып үйіңе барамын. Әркез дастарханды жайқалтып жасап, күтіп алады. Онымен өткізген әр сәт маған шексіз бақыт сыйлады. Оның сары шашы менің есімнен кетпей қойды. Көзімді жұмсам тек иығына түсіп тұратын сары шашы елестейді. Жарыққа үймелеген жынды көбелек секілді оны көрмесем тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Оның қандай сиқыры барын білмеймін, сол үйге бара беремін» - деді мен ессіз ғашық болған күйеуім.
Мұны оның өзінен естіген сәтте есімнен таңып қала жаздадым. Күйеуімнің осындай хәлге түскеніне сене алмаймын. Бірақ бұл ащы шындық. Не істерімді білмеймін!
Бұл туралы енеме айттым. Мұхтармен ата-енем сөйлесіп көрді, тіпті ұрысты. Бірақ ешқандай өзгеріс болған жоқ. Соңында, олар молдаға бару керектігін айтты. Молда сары шашты әйелдің Мұхтарды дуалап алғанын айтқан кезде селк еттім.
Өмірімде дуалап алыпты дегенді естігеніммен, өз күйеуімді дуалап алады деген үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Бірақ, амал нешік, басқа түскен соң көнемін.
Молда бұл дуаны қайтару үшін көп уақыт қажет екенін айтты. Қазір Мұхтарды күнде молдаға әкеліп жүрмін. Кейде молдаға барғысы келмей, біраз жағдайды қиындатады.
Өмірде кезіккен барлық қиындықты жеңіп шыққанымыз секілді, бұл дуаны да бірге жеңіп шығатынымызға сенімдімін.