Екі тәнге бір тағдыр : сиам егіздері бақытты өмір сүре ала ма?

Oinet.kz 12-08-2020 1714

Бала – бақыт бастауы. Ертеде Сиам егізі дүниеге келген отбасы құтылуға асық болып, балаларды өлтіруден тайынбайтын. Тәнін ажырата алмайтын егіздерді кейіннен ата-анасы  циркке өткізуі үрдіс болды. Жаратылысы ерек егіздер тағдыр ұсынған ерекшелігімен бақытты  ғұмыр кеше алды ма?

Чанг және Энг Банкер

image.png

Чанг пен Энг 1811 жылы 11 мамырда Сиамда, қазіргі Тайландта дүниеге келді. Ағайынды Банкер әлемге әйгілі болғаннан кейін, тәні қосарланған егіздер Сиам деп атала бастады. Сиам королі Чанг пен Энгтің туылуына қатты қайран қалды. Мемлекетте қандай да ірр қиындық туындау мүмкіндігінен шошынған басшы егіздерді өлтіруді бұйырды. Перзентіне деген махаббаты шексіз ана король әмірін орындауан бас тартады. Егіздер солай өмірін сүруін жалғастырады. 

XIX ғасырдың медициналық технологиясы Чанг пен Энгтың бөлінуіне мүмкіндік бермеді. Ағайындылар торакопаг (кеуде аймағы біріккен егіздер) болғандықтан жүрек қан-тамыр жүйесіне аса зор қауіп төнді. Медицинаның қазіргі деңгейінде де ажыратылған егіздерде өмір сүру мүмкіндігі өте аз.  Бөлініп өмір сүруге мүмкіндігі жоқ балалар тағдырдың басқа салғанына көніп, ер жетті. 

image.png

Британдық кәсіпкер Роберт Хантер жасөспірім Чанг пен Энгке циркте өнер көрсетуді ұсынып,нақты қабілеттерін тануға жағдай жаратты. Хантердің өте адал азамат болғандығының арқасында ағайындылар Ұлыбритания мен АҚШ-қа 21 жасқа толғанға дейін сапар шекті.  Хантермен келісім-шарт аяқталғаннан кейін егіздер қаржылай мүмкіндігі мол адам болды. 

Чанг пен Энг АҚШ-қа көшіп, Банкер атаны. Әлемге мәшһүр Финеас Барнум циркімен келісімшартқа отырып,  ферма сатып алды. Егіздер 1843 жылы 13 сәуірде үйлену тойын өткізді. Чанг пен Энг апалы-сіңілдер Аделаида мен Сара Анн Эйтспен некесін қиды. Некеде Чангта 10 бала, ал Энгте 11 бала дүниеге келді.

Ағайындылар фермасында 1874 жылы қайтыс болғанға дейін отбасымен бақытты өмір сүрді. Чанг пневмониямен ауырып жаны үзілген. Арадан бірнеше сағат өтіп Энг қайтыс болды. Олар 63 жыл өмір сүрген.

Роза және Жозефа Блажек

image.png

Богемиялық (қазіргі Чехия) апалы-сіңіл 1878 жылы дүниеге келді. Кіші жамбас аймағы бірігіп туған егізді бөлуге медицина қауқарсыз еді.  Роза мен Джозефаның ата-анасы үшін сиамегіздерінің тууы – үрейлі жағдаят еді.  Құтылу үшін қыздарын аштан өлтіру үшін тамақтандырмай қойды.  Олардың қандай себеппен ойлары өзгергені белгісіз, Роза мен Джозеф аман-есен бой түзеді. Қарапайым балалармен бірге оқу қиын болғандықтан, ата-анасы егіздерді музыка мен би үйірмелеріне қатыстыруға шешім қабылдады.  Әпкелер скрипка мен арфада ойнап, рқайсы бөлек адаммен жұптасып билей алды. Олар үнемі өнер көрсетіп, шығармашылық жетістікке жетті. 

Бірқалыпты тұрмыстың реңін Розаның ғашық болуы өзгертті. Розаның таңдауы неміс офицері еді. Махаббат хикаясын бастан кешірген Роза жүкті болып, сау баланы өмірге әкеледі. Жамбас аймағы біріккен болса да егіздердің әрқайсында бөлек жатыр болған.  Жаңа туған нәрестені Франц деп атап егіздер бірге емізіп өсірді. Қызығы, екеуінде де сүт болған. Өкінішке орай, баланың әкесі соғыста мерт болады. 

image.png

Роза мен Джозефа кейіннен отбасы құруға  тырысты. Мемлекет заңына сай егіздер жеке тұлға ретінде қарастырылды. Әрі егіздердің отбасы құруы екі әйелді жар етумен тең болып, қатаң тиым салынды.  Егіздер қандай таптаурын көрсе де, өздерін бақытты сезініп, аналық махаббатын Францқа арнайды.

Джозеф сарыаурумен ауырып, дәрігерлер Розаға аман қалу үшін денелерін бөлуге ұсыныс жасайды. Роза отадан бас тартты.

"Егер Джозеф қайтыс болса, маған өмір қажет емес" деп шешкен Роза Джозефпен бірге  1922 жылы қайтыс болды.

Суреттер ашық дереккөзден алыды

Жоғалған баласын 32 жылдан кейін тапты
Сары шашты әйел күйеуімді дуалап алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу