Жаңаөзенде ерекше той өтті: Егіз жігіттер егіз қыздарға үйленді (фото)

Oinet.kz 17-06-2020 1032

Қыркүйектің 22-і күні Жаңаөзенде ерекше жұптың тойы болды. Бірге келін түсірген егіз жігіттің тойы бірге өтті.

news_full1569316446b28c68783e07843502f9c0a9a9a8f708.jpg

Егіз ұлдардың анасы Гүлбаршын Исаеваның әңгімесіне сүйенсек, отбасы Жаңаөзен маңындағы Қызылсай ауылында тұрады. Оның 26 жастағы ұлдары Жаулы мен Жары егіз қыздар Жанар мен Шынарды осы жылдың сәуір айында достарымен болған кездесуде байқаған. 18 жастағы егіздер олармен танысуды ұйғарыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Inaktau.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

news_full1569316464761fa3fd263c8a9cbdb71a763fe72d4a.jpg«Менің ұлдарым Жанар мен Шынарды көргеннен кейін олар өзара сөйлесе бастады, арада сезім пайда болды. Содан кейін ғашық болды. Ұлдарым үйге келіп, үйленгілері келетіндерін айтты, сондықтан біз болашақ келіндерімізбен таныстық», - дейді анасы Гүлбаршын.

Егіздердің анасының әңгімесіне сүйенсек, жақында түскен келіндер Маңғыстау ауылында тұрған. Екеуі де әлі оқуда - олардың бірі банк ісінің қыр-сырын оқып жатса, екіншісі медицина саласын таңдаған.

«Әрине, біз қазір қыздарды енді танып жатырмыз. Әлі жас қой, маған үй шаруасында көмектеседі, тамақ дайындайды», - дейді енесі. 

Үйге егіз қыздар келгеніне қарамастан, Гүлбаршын апай оларды шатастырмайды.

«Егер сіз мұқият қарасаңыз, қыздардың түрі мүлдем басқаша. Оның үстіне, біреуінің кекілі бар, екіншісінде мүлде жоқ. Мен ұлдарымды да ешқашан шатастырмаймын, олар егіз болғанымен маған екі түрлі. Кейде адамдар оларды ажырата алмай жатады», - деді анасы.

news_full15693149255fdb1b84f264986c77eeff8c073d38fe.jpgМаңғыстау облысында ерекше той өтті: Егіз жігіттер егіз қыздарға үйленді

Ата-аналар некеге тұруға келісім бергеннен кейін, үйлену тойы асығыс басталған. Тойы екі күнде өтті.

«Тойға дайындық шамамен 20 күнге созылды. Екі үйлену тойын жасадық. Әрқайсысына 400 қонақ шақырдық. Той 21 және 22 қыркүйекте өтті. Барлық туыстар мен достарымыз келді. Үйлену тойын Жаңаөзенде өткіздік», - деді ұлдардың анасы.

Қыз алып қашу: салт па, дерт пе?
Карантин кезінде ер адам 100 килограмм салмақ қосып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу