«Дін-аманбыз»: Астанада жиналған жаңаөзендік жұмысшылар үйіне қайтатын болды

Oinet.kz 12-04-2023 828

Астанада жиналған мұнайшылар халыққа үндеу жасады. Елорда вокзалында түсірілген видеода Жаңаөзен жұмысшылары бәрі жақсы екенін және үйлеріне қайтқалы жатқандарын айтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Жаңаөзендіктер маңғыстаулықтарды уайымдамауға шақырып, қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзеннен барған 60-70-ке жуық адам талаптарын айтып, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналды. Бұл мәселеге қатысты Қазмұнайгаз өкілдері түсінік берді.

Ал Үкімет отырысында елордаға келген жаңаөзендік мұнайшыларға қатысты вице-премьер Алтай Көлгінов пікір білдірді. Вице-премьердің айтуынша, бұл келіссөздер процесі де, барлығы да заң аясында шешілуге тиіс.

«Қызғызстан арқылы Түркияға қашып кеткен»: Бас прокуратура Серік Күдебаевқа қатысты пікір білдірді
Алматыдағы базарлардың бірінен әйелдің кесілген басы табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу