Қазақстандықтардың депозиті 20,4 трлн теңгеге жетті
2023 жылдың соңында жеке тұлғалардың депозиті рекордтық 20,4 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда бірден 20,6%-ға артық. Бұл туралы ranking.kz порталы хабарлады.
Халықтың депозиттерін ұстайтын алғашқы он банктің барлығында айтарлықтай өсім байқалады. Жылдық өсім бойынша Bereke Bank көшбасшы: мұнда жеке тұлғалардың депозиттік портфелі бірден 2,1 есеге артып, 430 млрд теңгеге жетті.
2022 жылы қазақстандық банкке айналған Bereke Bank 2023 жылы белсенді түрде өз позициясын қалпына келтіре бастады. Банк депозиттері жоғары мөлшерлемесі мен ұсынылған қосымша акцияларымен ерекшеленді. Bereke Bank банк картасымен жасалған әр саудаға жоғары кешбэк ұсынады. Кешбэктің көлемі салым сомасына байланысты: 2–5 млн теңге сомадағы депозитке 5%, 5–10 млн теңгеге 7% және 10 млн теңгеден жоғары депозитке тіпті 10% кешбэк беріледі. Сондай-ақ банкте 17,6%-ға дейін ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін ұсынатын «Пайдаңды жіберіп алма» жинақ депозиті бар. Бұл салым бойынша соманы толықтыруға және ішінара ақша алуға болмайды.
Өсім бойынша екінші орында Фридом Финанс Қазақстан банкі: 48,5%-ға, яғни 459,4 млрд теңгеге дейін артқан. Үздік үштікті Kaspi Bank жабады: 36,6%-ға, 5,1 трлн теңгеге дейін өскен. Алғашқы бестікке Еуразиялық Банк (23,6%) және ForteBank (18,6%) та кірді.