Басты мақсат - сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру

Oinet.kz 15-04-2024 286

Мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі – халық. Ендеше елімізде барлық сайлау тартысты әрі бәсекелестік жағдайында өтуі тиіс. Жасыратыны жоқ, сайлау десе елдің құлағы елең ете қалады. Алайда осынау жауапты науқанға, сайлауға қатыспай, саясаттан бойын аулақ салып, дауыс беруге бармайтындар да баршылық. Яғни, «Менің дауысым не шешеді?» деп бұл жауапты науқанға ықылассыз, жүрдім-бардым қарайды. Бірақ бәрі елдегі саясат жайлы барлығы әңгіме айтуға құмар. 

Screenshot_17.jpg

Және барлығы дерлік «кім жеңіске жетті екен?» деп сайлаудың қорытындысын білуге асығады.

Қазір елдің көзі ашық, көкірегі ояу, саяси сауаты жоғары. Дегенменде сайлау мәселесінде әлі де білетініміз бір тоғыз, білмейтініміз тоқсан тоғыз екенін мойындауымыз қажет. Тіпті сайлау комиссиясы мүшелерінің өздері кейде сайлау науқаны кезінде туындаған сұрақтарға толыққанды жауап бере алмай жатады. Сондықтан ел ішінде сайлауға байланысты курстар өткізіп, ақыл-кеңестер берудің маңызы өте зор. 

Осыған байланысты жақында ғана Жамбыл облысы Жамбыл ауданында «Сайлау заңнамасының теориялық және қолданбалы білімдерін сайлау процесінде қолдану практикасын кеңейту арқылы сайлауларды ұйымдастырулардың құзыреттіліктерін кәсіби деңгейге арттыру» тақырыбы бойынша жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті.

Бұл семинардың мақсаты – сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын теориялық және қолданбалы білімдерін кеңейту арқылы сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.

Қатысушылар тарапынан сұрақтар өте көп болды. 

Мәселен, жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушының жазбаша өтініші бойынша оның тұрған жерінде дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс. Жазбаша өтініш дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-ден кешіктірілмей беріледі. Алайда сайлаушы учаскеге өзі келе алмаған жағдайда өтінішті басқаша қандай жолмен бере алады деген сынды біршама сауалдар жолдады. 

Сондай-ақ, оқыту-семинарында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов сайлау жүйелерінің негізгі аспектілері және сайлау құқығының принциптеріне тоқталып «ҚР Сайлау туралы» заңының 1-тарау 1-9 баптары жеке-жеке тоқталып мысалы ретінде тәжірибиелік жұмыстарға тоқталып түсіндірме жасады. 

Өз кезегінде жаңадан сайланған комиссия мүшелері дәріскерлерге сайлау науқанындағы орын алатын жағдайлар бойынша бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныс тілектерін жеткізді. 

Сонымен қатар, аудандық сайлау комиссиясы семинарда «Дауыс беру күні» іскерлік ойынын ұйымдастырды. Іскерлік ойында №177 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру күні азанғы сағат 6:00 ден кешкі сағат 20:00 дейін болатын жағдайларды толық бейнелеп комиссия мүшелерінің сайлаушылармен іс-әрекеті, әр-түрлі ситуациялық сәттерін іс жүзінде көрсетті. Жаңадан сайланған комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар туындап, өздеріне ұтымды жауап алды.

Қазақстандықтардың депозиті 20,4 трлн теңгеге жетті
Үгіт-насихат іс-шаралары заңнамаға сәйкес жүргізілуі тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу