Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Осы аптада Жамбыл облысы Қордай ауданы Алға және Қарасу ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарымен және олардың сенім білдірілген адамдарымен кездесу өтті.
Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңының 27, 28, 29, 31, 32, 33, 34, 35, 36 баптарына түсініктеме берді.
Үгіт-насихат іс-шаралары, оның ішінде әлеуметтік желілердегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс.
Бұл кездесуде, мемлекет тарапынан кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін және баспа материалдарын дайындауға тең қаражат бөлуге кепілдік беретіні атап өтілді және үгіт-насихат шараларын өткізуге бөлінген қаражатты пайдалану тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сонымен қатар, Қордай аудандық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Э.Күмекбай үгіт-насихат кезеңінде және сайлау күні байқаушылардың және сенім білдірілген адамдардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Ағымдағы жылдың 31-наурызында Қазақстан Республикасының 14 өңірінде – Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының 83 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткені белгілі.
Барлығы 3 облыстық, 20 қалалық және 60 аудандық мәслихаттардың депутаттары сайланды.
500 сайлау комиссиясы, оның ішінде 14 облыстық, 63 қалалық пен аудандық, 83 округтік және 340 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
Сайлау бюллетеньдеріне 250 кандидат енгізілді.
Сайлаушылардың келуі – 44,52%.
Соның ішінде 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қордай аудандық мәслихаттың орнына да депутат сайлауы өткен болатын.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихаттың депутаты болып –1971 жылы туған, «Бүлдіршін» бөбекжайының меңгерушісі Идыбо Айша Люшировна сайланды.
Сайлаушылар тізіміне 3664 азамат енгізіліп, дауыс беруге - 2039 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша -0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 12 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Идыбо Айша Люшировнаға 1452 сайлаушы дауыс берді.
Енді алда ауылдық округтер әкімдігіне сайлау науқаны тұр. Әрине, соңғы кездері сайлау науқанының қарқыны күшейіп, халық сеніміне көп үміт артылып жатса да сайлау мәселесіне байланысты сұрақтар көп туындайды. Бұл бағытта Қордай аудандық сайлау комиссиясы да сайлаушылар мен кандидаттардың сұрақтарына жауап беруден, мәселені түсіндіруден қашқақтаған емес. Қысқаша айтқанда, аудан, өңірлерде сайлаудың әділ өтуіне барлық мүмкіндіктер қарастырылған.