Шетелдік байқаушылар қандай сайлауға қатыса алады?

Oinet.kz 19-04-2024 273

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында «Сайлау заңнамасының теориялық және қолданбалы білімдерін сайлау процесінде қолдану практикасын кеңейту арқылы сайлауларды ұйымдастырулардың құзыреттіліктерін кәсіби деңгейге арттыру» тақырыбы бойынша жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинарын өткізді. 

Screenshot_19.jpg

Семинар-тренингке Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, Талас аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, аудандық прокуратура, жергілікті атқарушы органның сайлау процесіне қатысты өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссия мүшелері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын теориялық және қолданбалы білімдерін кеңейту арқылы сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.

Оқыту-семинарын Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды.

Оқу барысында қатысушыларға еліміздегі сайлау құқығы мен процесінің негіздері, сайлау науқанындағы жұмыс дағдылары, нормативтік акті және әдістемелік материалдармен жұмыс істеу, саяси партиялар, бақылаушылар, БАҚ өкілдерімен өзге де сайлау процесіне қатысушылармен коммуникация орнатудың әдістері туралы дәрістер оқылды. Өз кезегінде жаңадан сайланған комиссия мүшелері дәріскерлерге сайлау науқанындағы орын алатын жағдайлар бойынша бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныс тілектерін жеткізді. 

Мәселен шетелдік байқаушылар қандай сайлауға қатыса алады? Сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндігі жоқ азаматтарға комиссия мүшелері дауыс беру жәшігін апарар кезінде сайлау учаскесіне дауыс беру күні келіп тіркелген байқаушы комиссия мүшелерімен сайлаушының үйіне бірге ілесіп баруына құқығы бар ма деген сынды біршама сауалдар жолдады. 

Тыңдаушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға облыстық сайлау комиссия мүшелері заң талаптарына сай толыққанды жауап қайтарды.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңының 20-2-бабында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқауға қатысуға шақыруды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Сыртқы істер министрі жібере алатыны жазылған.  Шақыру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберіледі. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеледі.

Сондай-ақ, еліміз 2015 жылы 20 ақпанда Біріккен Ұлттар ұйымының Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын ратификациялап, мүгедектігі бар адамдарға қатысты халықаралық стандарттарды енгізу бойынша міндеттемелерді қабылдаған болатын. Осыған сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедектігі бар адамдарға дауыс беру және сайлану құқығына кепілдік береді, осы санаттағы азаматтарға сайлау процесіне толық қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Сайлау құқығын қамтамасыз етуде негізге алынатын маңызды құжат – «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бірқатар нормалар қамтылған. 2018 жылғы 29 маусымда сайлаушылар болып табылатын мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында сайлау тәжірибесінде алғаш рет «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына толықтырулар қабылданды. Нақты айтқанда, 18-бапта (4-1-тармақ) учаскелік сайлау комиссиялары мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау, 39-бапта (1-1-тармақ) дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтар болып табылатын сайлаушылардың кедергісіз кіруі және онда дауыс беруі үшін жағдайлар қамтамасыз етілуін, 48-бапта (2-1-тармақ) жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста жәрдемдесуге міндетті екенін көздейтіні атап көрсетілген.

Сонымен қатар, аудандық сайлау комиссиясы семинарда «Дауыс беру күні» іскерлік ойынын ұйымдастырды. Іскерлік ойында №415 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру күні комиссия мүшелерінің сайлаушылармен коммуникация орнатудың әр-түрлі ситуациялық сәттерін іс жүзінде көрсетті.

Семинар соңында жаңадан сайланған комиссия мүшелеріне сертификаттар тапсырылды.

Үгіт-насихат іс-шаралары заңнамаға сәйкес жүргізілуі тиіс
Депутатты кері шақырып алуға кім бастама жасай алады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу