Ата-әже деген керемет қой...

Oinet.kz 21-11-2019 1509

Screenshot_11.jpg

Шын мәнінде, әулеттің ұйытқысы, тірегі – шал мен кемпір. Таяуда әлеуметтік желілердің бірінде Кәусар есімді блогер мынадай жазба қалдырыпты: «...Ата-әже деген керемет қой иә? Бір әулетті айрандай ұйытып отыратын басқа қандай күш бар?! Әсіресе, ата мен әженің тәрбиесін көріп өскен бала қандай керемет болып жетіледі. Жаны таза, қарапайым, рухани бай. Қызығасың, бірден танисың. Мәселен, мен жақсы білетін екі әулет бар. Екеуі де сондай үлгілі, бірлігі жарасқан, тату-тәтті жанұя болатын. Кейіннен бір отбасындағы ата мен әже бірінің артынан бірі қайтыс болды да, әлгі үй адам танымастай болып өзгеріп кетті. Бәрі де шашыраңқы, баяғы мен қызығатын ауызбіршіліктен ештеңе қалмаған. Алыстағы бала-шағасы сол қара шаңыраққа келмейтін де болған, олардың балалары ауылды ұмытқан. Заманнан шығар дейін десем, екінші әулет сол баяғы бірлігін сол қалпында сақтап отыр, әй деп отыратын әжелері де бар. Содан бәрі де кемпір-шалдың көзі кеткеннен деп түйдім өзім...». Расымен де солай. «Алты аға бірігіп әке болмас, алты жеңге бірігіп ана болмас». Аузы дуалы қария мен дана әженің орнын ешкім толтыра алмайды. Мұқағали Мақатаевша айтсақ:

Арсыз күлкің тыйылмас, жылауың да,

Айтысың да басылмас, ылаңың да.

Араздасып ағайын кетер еді,

Бір қария болмаса бір ауылда...

Абысын араз болса, ағайынның сәні кетер...
Туысқанға көмектессең табысың артады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу