Адамның кейбір кездері

Oinet.kz 13-11-2019 1193

Көндіккеннен басқа амал қалмаған кезде: «Бұл маңызды емес» дей саламыз.

Қоңырау шалған адамның дауысы бұрынғыдай қуаныш сыйламайтындығын мойындауға ұялған кезде «Қолым бос болмаған соң тұтқаны көтере алмадым» дей саламыз.

жалғыздық.jpg

Қалағанымызға қол жеткізе алмаған соң «Маған сенен ештеңе керек емес» дейміз.

Өзгенің жылуына мұқтаж кезде «Жаурап қалдым» дейміз.

«Бұдан былай өмір сүрудің мәнісі қалмады» деген кезде бізді бұл ойдан айнытса деп тілейміз.

«Мен сені сүйем» дей алмайтын кезде «Бар болғаның үшін тәубе» дейміз.

Бір адамға керексіздігімізді сезінген кезде «Мен ешкімге керек емеспін» дейміз.

Көмек сұрауға ұялған кезде «Өзімнің де қолымнан келеді» дейміз.

«Сен жақсы доссың» дегенді «бірақ одан артық емессің» дегенді айта алмаған кезде айтамыз.

Біреудің ойыншығына айналғанымызды мойындауға қорыққан кезде «Мен саған сенемін» дейміз.

Сағатқа қарағымыз келген сайын «Бітті, мәңгілікке қош» дейміз.

Тым көп сөйлейміз. Тіл ұшында айтылмаған үш сөз қалған кезде көзімізді жерден ала алмай, үнсіз қаламыз.

Өлімге күліп қараймыз, алайда дәріханадан келілеп дәрі сатып аламыз.

Өмір ғажап дейміз де, дүкеннен тағы бір шөлмек арақ әкелеміз.

Жұрттың пікіріне құлақ аспаймыз, бірақ айналамыздан ұдайы «Түрім қалай боп тұр?» деп сұрағыштаймыз.

Біз жалғыздықты жақсы көреміз. Ал, қолымыздан ұялы телефонды тастамаймыз.

Аударған Шынар Әбілдә

Берекесіз өтірік туралы әпсана
Мен естіген бір аңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу