Әкем басқа әйел алам дейді
01-10-2022
Қойшы бала бір отар қой бағып жүреді. Іргедегі орманда отын шапқыштар ағаш кесіп жатады. Қойшы бала ересектерді келемеждейін деп аяқ астынан «Қасқыр! Қасқыр! Көмектесіңдер!» деп бар дауысымен айғайға басады. Отын жарғыштар жұмысын қоя салып жетіп келеді. Бірақ қасқыр түгіл сымпылбайда жоқ. Қойшы бала сылқ-сылқ күліп, мәз.
Келесі күні қойшы бала әлгі қалжыңды тағы қайталамақшы болады. «Қасқыр!» деп бақырып, көмекке шақырады. Отыншылар өре түрегеліп, жетіп келеді. Тағы да өтірік. Қасқыр жоқ боп шығады. Отыншылар баланы боқтап-боқтап қайтып кетеді. Қойшы бала оларға күліп қала береді. Үп-үлкен адамдарды бір емес екі рет қайыра бір өтірікке алдап түсіргеніне жағасы жайлауға кетеді.
Осы кезде отар қойға шынында да итқұс шабады. Бір емес, бірнешеуі қатар жосып жүр екен. Қойшы бала қапылыста не істерін білмей дал. «Қасқыр шапты, қасқыр! Көмектесіңдер!» деп әл-дәрмен айқайға басады. Бірақ отыншылар кезекті өтірігі болар деп жұмыстарын жалғастыра береді. Үйірлі қасқыр отардың жартысын қырып, баланың өзін майып қып кетеді. Әйтеуір, жаны аман қалады. Өтірік айналып иесін табады деген осындайдан қалған сөз екен.
Аударған Шынар Әбілдә