Қызғаншақсың ба?
«Қызғаныш – қалыпты сезім. Одан ұялудың қажеті жоқ. Қызғаныштың болғаны жақсы. Егер қызғанбасаң, онда ол адам саған мүлде қызық болмағаны. Түсінемісің? Бұл сенімнің өлшеуіші емес.
Ол адамға қанша жерден сеніп тұрсаң да, оны сүйсең, қызғанбай қала алмайсың. Ол сенің ішкі жан дүниеңнің пернесі. Одан айырылып қалудың үрейі. Мәселе тек қызғанышың қалай көрініс беретіндігінде. Адамдар көбіне жақсы көрген жанды күштеп ұстауға барын салады. Ұрыс-керіс. Сын айту. Кінәласу. Талап ету. Шектеу. Қысым жасау. Адамдардың көбі осылай етеді. Бір түрлі, иә? Не үшін олай етеді? Бұның түк пайдасы жоқ қой. Қысым жасаған сайын жағдай шиеленісе береді. Егер ол адам саған адал боп қалсын десең, оған көбірек еркіндік бергенің абзал. Парадокс деп осыны айт. Әрине, бұл екеу бір-бірін қатты сүйетін жағдайға байланысты айтылып отыр. Оған еркіндік берген сайын оны өзіңе тартып тұрасың. Бұлай жасай алу – шеберлік. Өте нәзік сезім. Көп адам мұндайға бара алмайды. Бірақ мұның жемісі тәтті».
Анна Ланская
Аударған Шынар Әбілдә