Юрий Шатуновтың өлімінен кейін дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Oinet.kz 27-06-2022 2871

"Ласковый Май" тобының бұрынғы солисі, танымал ресейлік әнші Юрий Шатуновқа дер кезінде көмек көрсетпеген жедел жәрдем дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KP.RU порталы.

Screenshot_4.jpg

"Юраның жағдайы үстелде отырғанда нашарлап кетті. Кенеттен кеудесін ұстап, тыныс алуы қиындады. Біз жедел жәрдем шақырған едік, бірақ диспетчер науқасты “өздерің алып келіңдер, әйтпесе, көп күтіп қаласыңдар” деп жауап берді. Жақын маңдағы жедел жәрдем бөліміне апарған едік, ол жақтағылар науқастың жағдайы ауыр деп ауруханаға жіберді. Сондағы берген көліктері  – ескірген, еш жабдығы жоқ “Газель” автокөлігі. Юра ауруханаға жетпей көз жұмды. Ауруханада дәрігерлер оған көмектеспек болды, алайда қолдарынан ешнәрсе келмеді. Себебі ол кезде Юра қайтыс болған еді. Меніңше, ауруханаға жеткізгенше кеш болып кетті, қазір дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды”, – дейді марқұмның көмекшісі. 

Мемлекеттік туды қап ретінде пайдаланғандардың әрекеті қазақстандықтардың шамына тиді
Түркия Ресейге қарсы санкция салуға қатыспауға уәде берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу