«Құдай үш рет ескерту жасады»: Саят Медеуов ауыр апатынан кейін алғаш рет сұхбат берді

Oinet.kz 26-06-2022 1796

Саят Медеуов жол апатынан соң алғаш рет сұхбат беріп, қазіргі жағдайымен бөлісті. Танымал әнші жол апатына не себеп болғанын да ашық айтты. Бұл туралы KYN Youtube арнасында мәлімдеді.

Screenshot_1.jpg

"Жара салу оңай да, оны кетіру қиын ғой. Уақыт керек. Құдайға мың шүкір, көптің тілеуі қабыл болды. Менің басыма іс түскенде амандығымды тілеген көпшілікке рахмет.

Бұған өзіміз кінәліміз. Өйткені, құдай бізге бір емес, үш рет ескертті. Жиен ағаммен бірге жолға шыққан едім. Екі рет одан рульді сұрадым. Бермеді. Кейін үшінші рет жол бойына тоқтап, ұйықтап алуды ескерттім. Ол тоқтайтынын айтқан, сол аралықта көзім ілініп кетіпті. Кейін есімді жиғанда апатқа ұшыраған екенбіз. Демек, ол жол жиегіне тоқтап, демалмаған. Соның салдарынан көзі ілініп, осындай жол апатына душар болдық.

Бұл құдайдың салғаны емес, бұл біздің ақымақтығымыз. Құдай қайта-қайта ескертті. Есімді жиған бойда: "Неге тоқтамадың? Біреуге кесіріміз тиді ғой" дедім жиеніме. Бар ойым осы болды.

Қуанышқа қарай, қарсы беттегі көліктің ішінде бір ғана жігіт болған екен, дін аман. Соған шексіз шүкірлік етемін.

Жол апатынан екі аяғым, қолым, үш қабырғам сынды. Көзіме әйнектер толып қалыпты, қос жанарым ашылмай қалған. Дәрігерлер тазалап берді, қазір көзім жақсы көреді. Қасым түсіп қалып еді, өсті", - деді Медеуов.

13 жыл бірге тұрса да бала сүйе алмай ажырасуға бел буған отбасы
Әкімдік Юрий Шатуновтың құрметіне арналған флешмобқа тыйым салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу