Өмірді өзгертетін кеңестер
Егер өмірді өзгерткің келсе, онда алдымен өзіңнен бастағаның жөн! Өйткені, ең маңызды әлем сенің жүрегіңдегі ахуал. Айналамызда болып жатқанның бәрі санада туған ойдың, тілектің, сөздің сұлбасы. Тілектің қуаты – алға жылжуға итермелейтін күш. Адам өзін өзгертуі үшін төмендегі кеңестерге құлақ асқаны абзал дейміз.
1. Елді әр мүмкіндік туған сайын қолдап, мақтап отыр. Сенің мақұлдауың сол адамның рухани өсуіне тыңайтқыштай әсер етеді.
2. Ешқашан ешкімді келемеждеме, намысына тиме.
3. Адам туралы тек жақсы сөз айт. Жақсы сөз табылмаса, үндемей қал.
4. Адамның ісіне мән бер. Сонда мақтауға сөз табылады. Жалған мадақтаудан аулақтайсың.
5. Адамның жақсы қасиеттеріне ғана мән бер. Егер әлде де ол адамның бойынан бекзаттық пен даналық байқалмаса, оның бойындағы осы қасиеттерін көрсет. Сонда ол адам осы қасиеттерін дәлелдей түскісі келетін болады.
6. Адамды сынама. Сынай бастасаң, онда сын жеке басына емес, оның әрекетіне қатысты болсын.
7. Өзгенің алдындағы артықшылығыңа мақтана берме. Бұлай ету тек дұшпаныңды көбейтеді. Елді сыйлағың келсе, олар саған қымбат екенін сезінсін, соны сездір.
8. Өз қателігіңді байқап жүр. Әрдайым кешірім сұрай біл.
9. Сені тыңдасын десең, бұйыра бермей, өтінген абзал.
10. Ашулану – бұл адам көмек пен қолдауға мұқтаж деген белгі. Сондықтан адамдардың қазіргі ахуалына мән беріп сөйле.
11. Жақсы тыңдарман бол, аздан сөйлеп үйрен.
12. Кейде жақсы идея басқа адамдікі екенін білдірт. Кім бірінші айтқаны маңызды емес, мәндісі – сол сөз қандай нәтижеге жеткізгені.
13. Егер сен басқа адамның сөзін теріс деп танысаң, сөзін бөлсең де оны тоқтата алмассың. Ол сөзін тұтас айтып болмайынша, өзімдікі дұрыстан танбайды.
14. Дауласуды тоқтату үшін менікі жөн емес деп мойындай біл. Сонда даудың басы Дайрабайдың сиырына келіп тіреліп, тоқтайды.
15. Еш себепсіз сыйлық сыйлап үйрен. Сонда адамды мереке кезінде ғана емес, күнде қуантқың келетіні білінеді.
16. Егер бірдеңе мазаласа, шыда, үндеме, ашуыңды тый. Сол адамға сөзін айтып түгесуге мүмкіндік бер. Сосын оның сөзінен өзіңе ұнайтын тұстарын теріп айт. Әңгімеден кейін сұқбаттасыңа не түйгеніңді айт.
17. Ұраның мынау болсын: адамдарға көңіл бөлу маңызды, оларды қызықтыру шарт емес.
18. Күліп жүр.
19. Адамды атын айтып шақыр. Қысқартылған, келемежденген ныспысын естігеннен, өзінің толық атын естіген құлаққа жағымды, жүрекке жылы. Оның болмысына құрмет.
20. Әңгімені жақсы көңіл-күй сыйлайтындай жерінен үзе беруге болады.
21. Кешіріп үйрен.
Аударған Шынар Әбілдә